Category Archives: Uncategorized

№1 «Жүйке аурулар интернат үйі» КММ

Директор Бердалиев Мұрат Әзімханұлы
Орналасқан жері Тараз қ, .Аскаров көшесі 277 «б»
Жалпы интернаттың шаршы алаңы(кв.метр) 33687 кв.метр

 

Салынған жылы 2014 жыл
Сыйымдылығы 585 орын        
Мемлекет қамқорлығындағы азаматтардың саны 585 адам.
Құрылған жылы 2014 жыл
Жалпы интернат қызметкерлердің саны 405 бірлік

 

 

Қызмет алушыларға жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып үй жағдайына жақындатылған қолайлы өмір шартын қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде мемлекеттік стандартқа сәйкес кепілдендірілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету .

№1 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ

 

 

Директор Сейдалиева Райхан Әмірбекқызы
Орналасқан жері Тараз қаласы, Қойбақова көш.1-ші бұр, 1а
Жалпы орталықтың шаршы алаңы(кв.метр) 7034,6 кв метр

 

Салынған жылы 1990 жыл
Сыйымдылығы 175 орын       
Мемлекет қамқорлығындағы азаматтардың саны 175 адам.
Құрылған жылы 1990  жыл
Жалпы интернат қызметкерлердің саны 170 бірлік

 

Қызмет алушыларға жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып үй жағдайына жақындатылған қолайлы өмір шартын қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде мемлекеттік стандартқа сәйкес кепілдендірілген арнаулы әлеуметтік қызметтер(әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени) көрсету

Стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау шарттары

Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымдарға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арқылы жүзеге асырады. Арнаулы әлеуметтік қызмет бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы стационарлық үлгідегі ұйымдар қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
4) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);
6) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);
7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Инватакси қызметтерінің байланыс телефондары

Тараз қаласындағы екі инватакси қызметінің байланыс телефондары:

  • Тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған адамдар үшін
  • 51-58-89, 8(747)6750092
  • Көзі нашар көретіндер үшін
  • 51-52-08, 8(771)8707555

Аудандарда:

  • Байзақ ауданы – 8(72637)50589, 8(771)8707555
  • Жамбыл ауданы – 8(771)1571500, 8(705)7331926
  • Жуалы ауданы– 8(72635)20060, 8(778)6097446
  • Қордай ауданы– 8(72636)48602
  • Т.Рысқұлов ауданы– 8(72631)22566
  • Сарысу ауданы – 8(778)345-72-04
  • Талас ауданы – 8(707)8690993, 8(778)3506722, 8(777)1743311
  • Шу ауданы– 8(72638)54633, 8(775)8719304, 8(72638)32262, 8(7773563473)

Бос жұмыс орындары туралы

Сіз өз мамандығыңыз бойынша бос жұмыс орындары туралы мәліметті Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыс» ақпараттық порталындағы  www.enbek.kz электронды адресі арқылы біле аласыз.