Category Archives: Нормативті құқықтық актілер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы

Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы

Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

РҚАО-ның ескертпесі!
Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 22-баптан қараңыз.

Осы Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

   1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
4) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
5) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;
6) әлеуметтік қызметкер – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер;
7) әлеуметтік орта – адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуы мен қызмет атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани жағдайларының жиынтығы;
8) өмірлік қиын жағдай – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал.

2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік
қызметтер туралы заңнамасы

  1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
    2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

4-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен
міндеттері

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясат:
    1) адамның құқықтарын сақтау;
    2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің ізгілік, еріктілік, құпиялылық, атаулылық және қолжетімділік;
    3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасыларының), арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
    4) мемлекеттік органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілермен өзара іс-қимылы;
    5) кешенділік;
    6) әлеуметтік ықпалдасу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту принциптеріне негізделеді.
    2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
    1) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде оны еңсеру үшін жағдай жасау;
    2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету;
    3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
    4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің мониторингі және оның сапасын бағалау жүйесін дамыту;
    5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің дамуын қамтамасыз ету;
    6) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
    7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

   2-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ
 ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ

5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды.
    2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады.
    2-1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
    3. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде көрсетіледі.
    4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетуді қамтуы мүмкін.
    5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетеді.
    6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келуге тиіс.
    7. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.
    8. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
    Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы
мүмкін негіздер

  1. Адам (отбасы) мынадай:
    1) жетімдік;
    2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
    3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
    3-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
    4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;
    5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
    6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
    7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
    8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
    9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
    10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
    11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.
    2. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып айқындайды.
    Жасалған әрекеттерге қатысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік таныту нысандары болып табылады.
    Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   3-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ
 МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы
құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекітеді;
3) алып тасталды – ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін айқындайды;
5) алып тасталды – ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

8-бап. Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
4) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге сұранысты бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
6) мыналарды:
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді;
халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізуді;
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
7) мыналарды:
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді;
жеке және заңды тұлғалармен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның
құзыреті

Ескерту. 9-бап алып тасталды – ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

10-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның
құзыреті

Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
3) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
4) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекітеді;
5) мыналарды:
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді;
халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізуді;
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
6) мыналарды:
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
жеке және заңды тұлғалармен, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

11-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың
және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының
құзыреті

  1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
    1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
    2) мыналарды:
    жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
    3) мыналарды:
    арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін;
    арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін;
    халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
    4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
    5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
    6) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсынады; V090005560
    7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
    8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
    1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
    2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
    3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
    4) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
    5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
    6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
    7)  жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
    8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

   4-тарау. ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН АДАМҒА (ОТБАСЫНА)
 АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

12-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның
(отбасының) құқықтары мен міндеттері

  1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының):
    1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруге;
    2) өзінің құқықтары, міндеттері мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу шарттары туралы ақпарат алуға;
    3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізуге және оны айқындауға қатысуға;
    4) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауға;
    5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға немесе олардан бас тартуға;
    6) лауазымды адамдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
    7) лауазымды адамдарға немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге мәлім болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар.
    2. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы):
    1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау және оларды көрсету туралы шешім қабылдау үшін толық және дұрыс ақпарат беруге;
    2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау процесіне кедергі келтірмеуге;
    3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді осы қызметтерді көрсетуге әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.
    Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

13-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының)
арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне
өтініш білдіруі

  1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұратын жері бойынша (осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне:
    1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлеміне;
    2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге ақылы қызметтерге;
    3) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін субъектілерге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерге арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлеміне жазбаша өтініш беру арқылы жүгінеді.
    2. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) мүддесі үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы өтінішті адамның (отбасының) өз бетінше оны бере алмау себебін көрсете отырып:
    1) отбасының ересек мүшелерінің біреуі;
    2) қамқоршысы (қорғаншысы);
    3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі;
    4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхаты бар адам;
    5) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік киын жағдайда жүрген адамға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін субъект;
    6) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған көмек көрсету жөніндегі ұйым бере алады.
    Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті
бағалау және айқындау

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер айқындайтын өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау және айқындау негізінде жүзеге асырылады.
    2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау кезіндегі критерийлер:
    1) тыныс-тіршілігінің шектелуі;
    2) әлеуметтік бейімсіздік;
    3) әлеуметтік депривация;
    4) қолайсыз әлеуметтік орта болып табылады.
    3. Әлеуметтік қызметкер осы Заңның 13-бабында аталған адамдардан өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды осы Заңның 8-бабының 3) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
    4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау негізінде қорытынды дайындайды, онда қызметтің түрі, алушының санаты, қызмет көрсетілетін жер, қызметтің көрсетілу ұзақтығы, қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктері айқындалады.

15-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету бюджет қаражаты есебінен көрсетілген жағдайда, олар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде жүзеге асырылады. V090005560
    2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдайды.
    Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдағанға дейін осы адам (отбасы) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерде, олар бюджет қаражаты есебінен ұсынылған (көрсетілген) жағдайда тұра алады.
    3. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден бас тартылған жағдайда, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен, өтініш берушіні одан бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау үшін ұсынылған құжаттарды қайтарады.
    4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін:
    1) осы Заңның 6-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеуі;
    2) ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыс еместігі негіз болып табылады.
    5. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер оларды көрсету туралы шешім қабылданған күннен бастап жүзеге асырады.
    6. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер жасасқан шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
    7. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік қызметтер тұратын жеріне қарамастан көрсетіледі.
    Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

16-бап. Әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары
мен міндеттері

  1. Әлеуметтік қызметкердің:
    1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласына жаңа әдістемелер енгізуге, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға;
    2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтаған жағдайда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
    3) кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға құқығы бар.
    2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтардан басқа:
    1) жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
    2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті мамандарды тартуға құқылы.
    3. Әлеуметтік қызметкер:
    1) өзінің кәсіби құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді меңгеруге;
    2) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге;
    3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;
    4) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) қатысты кемсітушілікке жол бермеуге;
    5) кәсіби шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруға;
    6) кемінде бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуге міндетті. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер, осы баптың 3-тармағында белгіленген міндеттерден басқа, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі қажеттілікке сапалы бағалау жүргізуге және оны айқындауға міндетті.

17-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін
субъектілердің құқықтары мен міндеттері

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер:
    1) бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған конкурстарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және    мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес қатысуға;
    2) ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;
    3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыруға;
    4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен түрлеріне бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратуға және алуға құқылы.
    2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер:
    1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға;
    2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлар жасауға;
    3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелерінің қадір-қасиетін құрметтеуге;
    4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне адамгершілікпен қарауға және кемсітушілік іс-әрекеттерге жол бермеуге;
    5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі құпиялылықты қамтамасыз етуге;
    6) әлеуметтік қызметкерлерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндетті.

18-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі
қызметті лицензиялау

Ескерту. 18-бап алып тасталды – ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін
субъектілерді қаржыландыру

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты;
2) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден алынған қаражат;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

   5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

20-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік
              қызметтер туралы заңнамасының сақталуын
              мемлекеттік бақылау

  1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
    РҚАО-ның ескертпесі!
    1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
    Тексеру “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
    2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъект осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда, уәкілетті орган:
    1) тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға міндетті ұйғарымдар жібереді;
    2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіні (оның лауазымды адамдарын) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту үшін қажетті шараларды қолданады.
    3. Мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкін .
    Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда – ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс  енгізілді – ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік
қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшін
жауаптылық

Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247 Заңы

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Актiнiң нысаны және тақырыбы өзгерді, мәтiнде “тарау” деген сөздiң алдындағы “I – IV” деген цифрлар тиiсiнше “1 – 4” деген цифрлармен ауыстырылды, “Жарлықты”, “Жарлықтан”, “Жарлықтың”, “Жарлық”, “Жарлықта”, “Жарлыққа” деген сөздер тиiсiнше “Заңды”, “Заңнан”, “Заңның”, “Заң”, “Заңда”, “Заңға” деген сөздермен ауыстырылды – Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

Осы Заң Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға әлеуметтiк кепiлдiктер берудiң ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негiздерiн белгiлейдi, сондай-ақ олардың құқықтық мәртебесiн айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді) Заңымен.

   1 ТАРАУ
 Жалпы ережелер

      1-бап. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
              мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген
              адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды
              әлеуметтiк қорғау туралы заңдар

Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы заңдар осы Заңнан, Қазақстан Республикасының осы саладағы қатынастарды реттейтiн басқа заңдық және нормативтiк актiлерiнен тұрады.

      2-бап. Осы Заңның қолданылу орны мен аясы

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бұрын қабылданған заң актiлерiне сәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн пайдаланып келген соғысқа қатысушыларға, соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға осы Заң күшiне енгiзiлгеннен кейiн көшiп келген азаматтарға және кейiннен соғысқа қатысушы, соғыс мүгедегi және соларға теңестiрiлген адам мәртебесi белгiленетiн азаматтарға қолданылады.

      3-бап. Жеңiлдiктер туралы заңдарды бұзғандығы үшiн
             лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi

Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға осы Заңда көзделген жеңiлдiктер мен кепiлдiктердiң берiлуiн шектеген, оның берiлуiне немесе жүзеге асырылуына кедергi жасаған мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-бап. Халықаралық шарттар мен келiсiмдер

Егер Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шартта немесе келiсiмде соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдар жөнiнде жеңiлдiктер мен кепiлдiктердiң ауқымы осы Заңда көзделгендегiден кең немесе басқадай нормада белгiленген болса, онда халықаралық шарт яки келiсiм нормалары қолданылады.

   2 ТАРАУ
 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және
 жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соларға теңестiрiлген
 адамдардың мәртебесi

      5-бап. Ұлы Отан соғысына қатысушылар

Бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөнiндегi басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия флот құрамына кiрген бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшiлер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргiзушiлерi соғысқа қатысушылар деп танылады.

      6-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан
            соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар деп мыналар танылады:

қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар;

екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар;

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi;

қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және “Ленинградты қорғағаны үшiн” медалiмен әрi “Қоршаудағы Ленинград тұрғыны” белгiсiмен наградталған азаматтар;

екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 1997.06.19 N 134-I Заңымен.

      7-бап. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi

Бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, партизандар мен астыртын күрес жүргiзушiлер қатарында болған адамдар, сондай-ақ бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезiнде майданда, ұрыс қимылдары жүргiзiлген аудандарда, майдан маңындағы темiр жол учаскелерiнде, қорғаныс шептерiн, әскери-теңiз базалары мен аэродромдар салу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрi зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшiлерге теңестiрiлген жұмысшылар мен қызметшiлер соғыс мүгедектерi деп танылады.

      8-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан
            соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар деп мыналар танылады:

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар;

басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер;

Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа
             қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да
              санаттары

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары деп мыналар танылады:

  1. Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда:

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, осы Заңның 5,6,7 және 8-баптарында көрсетiлген адамдардың отбасы;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы;

бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы;

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;

бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;

Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы;

Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы.

Жеңiлдiкке құқық берiлетiн отбасы мүшелерiне мыналар жатады:

қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен асырауындағы басқа да жандар;

қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайып (жұбай).

  1. Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, “Ленинградты қорғағаны үшiн” медалiмен және “Қоршаудағы Ленинград тұрғыны” белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
  2. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.
  3. 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер.
  4. Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi.
    Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 1997.06.19 N 134-I Заңымен.

      10-бап. Соғысқа қатысушының, соғыс мүгедегiнiң және
              жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соларға
              теңестiрiлген адамдардың мәртебесiн белгiлеу

Соғысқа қатысушының, соғыс мүгедегiнiң және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соларға теңестiрiлген адамдардың мәртебесi осы Заңға сәйкес анықталады және Ұлы Отан соғысы жылдарында, бұрынғы КСР Одағын қорғау жөнiндегi ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия қатарында болғанын, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқанын, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтаманың, әскери билеттердiң, жараланғаны, мүгедектiгi туралы анықтаманың, сот-медицина қорытындыларының негiзiнде белгiленедi.

Осы құжаттардың негiзiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары соғысқа қатысушының куәлiгiн, ал соғыс мүгедегiнiң куәлiгiн – Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары бередi. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соларға теңестiрiлген адамдардың зейнеткерлiк құжаттарына белгi соғылады.

   3 ТАРАУ
 Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және
 жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соларға теңестiрiлген
 адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер

      11-бап. Соғысқа қатысушыларға берiлетiн жеңiлдiктер мен
              кепiлдiктер

Соғысқа қатысушыларға әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде мынадай жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi:

  1. Егер Қазақстан Республикасының тұрғын үйзаңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж деп танылса және бұрын бiрiншi кезектi пәтер алу құқығын пайдаланбаған болса, жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар, оларды бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етедi.
  2. Тұрғын үй-құрылыс және басқа да кооперативтерге (серiктестiктерге) бiрiншi кезекте кiру құқығын иеленедi.
  3. Жеке тұрғын үй салу үшiн бiрiншi кезекте жер учаскелерiн және төлем қабiлетiн ескере отырып, жинақ несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алу құқын иеленедi.
  4. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiне үй салу үшiн төлем қабiлетiн ескере отырып несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алу құқығын иеленедi.
  5. Коммуналдық тұрғын үй қорының үйлерiндегi өзi тұрып жатқан пәтерлерi осы Заңның17-бабында және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген тәртiппен меншiгiне берiледi.
    6-8. Алып тасталды.
  6. Соғысқа қатысушылар басқа тұрғын үй берiлмейiнше қызмет бабындағы тұрғын үйден шығарылмайды.
  7. Бау өсiретiн серiктестiктердiң мүшелерi қолданылып жүргензаңдарға сәйкес бау үйлерiн сатып алуға және салуға, бау учаскесiн көркейтуге жеңiлдiктi шарттар негiзiнде несие алу құқығын иеленедi.
  8. Бау өсiретiн серiктестiктерге (кооперативтерге) кiруге артықшылық құқығы болады.
    12. Алып тасталды.
  9. Байланыс қызметкерiнiң барлық түрiн кезектен тыс пайдалануға құқылы.
    14-17. Алып тасталды.
  10. Жұмыс iстеп жүрген кезiнде бекiтiлген емханаларды зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн де пайдаланады.
  11. Амбулаторлық-емхана мекемелерiнiң қызметiн артықшылықпен пайдаланады және ауруханаға кезектен тыс жатқызылады.
  12. Қазақстан Республикасыныңзаңдарында белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн бiлiктi медициналық көмек.
  13. Протездермен (тіс протездерінен басқа) және протез-ортопедия бұйымдарымен тегін қамтамасыз ету.

21-1. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
22. Алып тасталды.

  1. Жыл сайынғы кезектi демалысын өзiне қолайлы уақытта пайдаланады, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiн жалақы сақталмайтын қосымша демалыс алуға құқылы.
  2. Жалпы сырқаттануы салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша күнтiзбелiк жылда қатарынан төрт айға немесе бес айға дейiн жәрдемақы алады.
  3. Жұмыс стажына қарамастан жалақысының 100 процентi мөлшерiнде уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алады.
    26-29. Алып тасталды.
  4. Моншаларға, мәдени ойын-сауық немесе спорт шараларына, шаштараздарға осындай қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен мекемелердiң есебiнен осы Заңның17-бабында белгiленген тәртiппен бiрiншi кезекте және тегiн барады.
  5. Интернат-үйлерге бiрiншi кезекте және тегiн орналастырылып, әлеуметтiк қызметтiң аумақтық орталықтары мен бөлiмшелерiнде қызмет көрсетiледi.
  6. Отбасы мүшелерiне немесе жерлеудi ұйымдастырушы адамға 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде жерлеуге арналған жәрдемақы берiледi қайтыс болған /қайтыс болған зейнетақы төлемдерiн алушыны қоспағанда/.
  7. Соғысқа қатысқан жалғызiлiктi адам қайтыс болғанда оны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметi салт-жоралар рәсiмiн қолдана отырып жерлейдi.
  8. Салық салу жеңiлдiктерi қолданылып жүргензаңға сәйкес жүргiзiледi.
    Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 1997.04.02 N 88-I, 1997.06.19 N 134-I, 1999.04.07 N 374, 1999.11.16 N 482, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12-бап. Соғыс мүгедектерiне берiлетiн жеңiлдiктер мен
              кепiлдiктер

Соғыс мүгедектерiне әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде осы Заңның 11-бабының 1-34 тармақтарына сәйкес жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi.
Сондай-ақ соғыс мүгедектерiне қосымша:

  1. Санаторийге барып, емделу және керi қайту үшiн, жолдаманы кiм бергенiне және кiмнiң есебiнен берiлгенiне қарамастан, қажеттi күндерге науқастану парағы, I және II топтардағы мүгедектерге жыл сайын ұзақтығы 15 жұмыс күнiне дейiн ақы төленетiн қосымша демалыс берiледi.
    2-4. Алып тасталды.
  2. Жеке тұрғын үй салу үшiн өсiп тұрған ағаш жергiлiктi атқарушы органдаранықтайтын тәртiп бойынша берiледi.
    6. (алынып тасталды).
    7. (алынып тасталды).
  3. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланылатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға, кресло-қоларба бөлуге, бензинге, қосалқы бөлшектерге, автомобильдер мен мотоарбаларды жөндеуге және оларға техникалық қызмет көрсетілуіне өтемдік төлемдерге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне темір жолда, әуе, су және қалааралық автомобиль көлігінде жылына бір рет жүру үшін, сондай-ақ І топтағы мүгедекті алып жүретін адамның жол шығындарынаарнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
    Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 1999.04.07 N 374 заңымен.

      13-бап. Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерi
              қатарындағы Кеңес Одағының Батыры, “Халық
              қаhарманы”, Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие
              болған, Даңқ орденiнiң үш бiрдей дәрежесiмен
              және “Отан” орденiмен наградталған адамдарға
              берiлетiн қосымша жеңiлдiктер мен кепiлдiктер

Соғысқа қатысқан Кеңес Одағының Батыры, “Халық қаhарманы”, Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш бiрдей
дәрежесiмен, “Отан” орденiмен наградталған адамдарға қосымша мынадай
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi:

  1. 20 шаршы метрге дейiн қосымша пайдалы алаң алу құқығы.
    2. (алынып тасталды).
  2. Әскери сый-сияпат көрсетiлiп, тегiн жерленедi және қабiрiнiң басына құлпытас қойылады.
    Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 1997.04.02 N 88-I Заңымен.
    Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 1999.04.07 N 374 Заңымен.

      14-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа
             қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн
             жеңiлдiктер мен кепiлдiктер

Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғысқа қатысқандарға теңестірілген адамдарға әлеуметтік қорғау шаралары ретінде осы Заңның 11-бабының 1-5, 9, 10, 11, 13, 18-20, 23-25, 31, 33 және 34-тармақтарына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер беріледі, сондай-ақ, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
1-3. Алып тасталды.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметіайқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.
  2. Жаңа кәсiптi меңгеру кезiнде (жаңа жұмысшыларды даярлау) бүкiл оқу кезеңiне жұмысшының тарифтiк ставканың 100 процентi мөлшерiнде еңбекақы төленедi.
  3. Қайта даярлау, екiншi мамандыққа үйрету және бiлiктiлiгiн арттыру кезiнде жұмыстан қол үзiп оқудың бүкiл кезеңiне бұрынғы кәсiбi мен мамандығы бойынша орташа жалақысы сақталады.
    7. Алып тасталды.
    Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 1997.04.02 N 88-I, 1999.04.07 N 374 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      15-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғыс
              мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға берiлетiн
              жеңiлдiктер мен кепiлдiктер

Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға әлеуметтік қорғау шаралары ретінде осы Заңның 11-бабының 1-5, 9-11, 13, 18-21, 23-25, 31, 33 және 34-тармақтарына, 14-бабының 4-6-тармақтарына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер беріледі, сондай-ақ, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған, жыл сайынғы санаторий-курорттық емделу құқығын пайдаланбаған адамдарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, пәтер телефонын пайдалану жөніндегі, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі шығындарын төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

  1. I және II топтардағы мүгедектерге олардың қалауымен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң аумағында темiржол көлiгiмен жылына бiр рет тегiн жол жүру (бару, қайту), әуе, су немесе қалааралық автомобиль көлiгiмен жол құнының 50 процентi мөлшерiнде шегерiм жасалып жол жүру құқы берiледi.
    III топтағы мүгедектер үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң аумағында жылына бiр рет қалааралық көлiктiң барлық түрлерiмен жол жүру (бару, қайту) құнынан 50 процент шегерiм жасалды.
    Қалааралық жол жүру төлемiнен жылына бiр рет жасалатын 50 проценттiк шегерiмнiң орнына олардың қалауы бойынша екi жылда бiр рет тегiн жол жүруге (бару, қайту) рұқсат етiледi.
  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жалпы белгіленген стипендия мөлшерінен 50 процентке жоғары мөлшерде стипендия төленеді.
  3. Ұрыс қимылдарында немесе әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн атқару кезiнде жаралану, контузия алу, зақымдану немесе ауруға шалдығу салдарынан мүгедек болған адамдар осы Заңның 11-бабының1-тармағына сәйкес тұрғын алаңмен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiледi.
    4-7. алынып тасталды
    Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 1999.04.07 N 374, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа
              қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа
              санаттарына берiлетiн жеңiлдiктер мен
              кепiлдiктер

Осы Заңның 9-бабында көрсетiлген адамдар, атап айтқанда:
1. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларының осы Заңның 11-бабының 1-5, 9-11, 13, 18-20, 23, 31, 33 және 34-тармақтарына, 12-бабының 5 тармағына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктерге құқығы бар, сондай-ақ, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған, жыл сайынғы санаторий-курорттық емделу құқығын пайдаланбаған адамдарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарын төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеудің орнына, әкімшілік аумақтық бөлініс (аудан, қала) шегінде жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрлерінде (таксиден басқа) жүру үшін 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға бір жолғы материалдық көмек төлеудің орнына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді;

Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеп жүрген кезiнде жаралану, контузия алу, зақымдану немесе ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң әйелдерi немесе асырауында осы әскери қызметшiлердiң балалары бар басқа адамдар жұмыс орнынан осы балаларымен бiрге демалу үшiн демалыс үйлерi мен пансионаттарға берiлетiн жолдамалармен артықшылықпен қамтамасыз етiлуге, сондай-ақ аталған әскери қызметшiлердiң балалары үшiн балалар сауықтыру мекемелерiне жолдамалар алуға құқығы бар;

Әскери қызметшi қаза болған жағдайда оның отбасының (бiрақ үш адамнан аспайтын) ол жерленген жерге тегiн барып қайтуына, сондай-ақ таңдаған тұрғылықты жерiне көшiп баруға (әскери қызметшi қайтыс болған күннен бастап алты ай iшiнде) құқығы бар;

Ауғанстанда және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерлерде бiржолғы  жәрдемақы төленедi;

Қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшi өзiнiң соңғы қызмет өткерген жерiнде тегiн жерленедi. Бейбiт уақытта әскери (азаматтық) борышын өтеу кезiнде қаза тапқан немесе жалпы ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiнiң мәйiтiн отбасының қалауы бойынша басқа жерлеу /қайта жерлеу/ орындарына алып бару Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Мемлекеттік күзет қызметінің шешiмiмен жүзеге асырылады;

Қайтыс болған генералдардың, адмиралдардың және осы әскери қызметшiлер арасынан зейнеткерлердiң асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алатын әйелдерiнiң «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тиiстi жеңiлдiктерге құқығы өмір бойы сақталады.

  1. Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң, сондай-ақ соғысқа қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдардың, “Ленинградты қорғағаны үшiн” медалiмен және “Қоршаудағы Ленинград тұрғыны” белгiсiмен наградталған, жалпы ауру, еңбек жарақаты салдарынан және басқа себептермен (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқасы) мүгедек деп танылған азаматтардың қайта некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi).
  2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар iшiнен оқшаулау және көшiру жүргiзiлген аймақтан Қазақстан Республикасына көшiрiлген (өз еркiмен көшкен), көшiрiлген күнi анасының құрсағында болған балаларды қоса, адамдарға:

осы Заңның 11-бабының 9, 18, 23-тармақтарына сәйкес жеңiлдiктер мен кепiлдiктер, сондай-ақ:

тұрғын үй салу, бау-бақша үйлерiн сатып алу және тұрғызу әрi бау-бақша аумағын жайластыру үшiн олардың төлем қабiлетiн ескере отырып несие сақтау шоттарында бастапқы жинақ ақшасыз 30 жылға бес процентпен берiлетiн жеңiлдiктi несие;

пәтерiн жөндетуге, телефон орнатуға және бау-бақша серiктестiктерiне (кооперативке) қабылдануға бiрiншi кезекте құқық берiледi.

  1. 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге:

жұмыс iстеп жүрген кезiнде тiркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн пайдалану құқығы;

жұмыс орны бойынша санаторийлерге, профилакторийлерге және демалыс үйлерiне жолдамалармен қамтамасыз етiлуге артықшылықты құқық;

жыл сайынғы кезектi еңбек демалысын өзiне ыңғайлы уақытта пайдалануға;

жеке тұрғын үй салу үшiн олардың төлем қабiлетiн ескере отырып несие сақтау шоттарында бастапқы жинақ ақшасыз 30 жылға бес процентпен жеңiлдiктi кредит алуға;

бау-бақша серiктестiктерiне (кооперативтерге) қабылдануға телефон орнатуға артықшылықты құқығы бар.

Осы аталған адамдар басқа тұрғын үй берiлмейiнше қызметтiк тұрғын үйлерден шығарылмайды.

  1. Бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулi контингентi құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне:

осы Заңда көзделген, кезектен тыс тегiн протез жасату құқығы;

жұмыс орны бойынша санаторийлерге, профилакторийлерге және демалыс үйлерiне жолдамалармен қамтамасыз етiлуге, сондай-ақ бау-бақша серiктестiктерiне (кооперативтерге) қабылдануға артықшылықты құқық;

жыл сайынғы кезектi еңбек демалысын өзiне ыңғайлы уақытта пайдалану, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiн еңбекақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу құқығы;

11-баптың 1-тармағына сәйкес тұрғын алаңмен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу, ал ұрыс қимылдары кезiнде немесе әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруға шалдығуы салдарынан бiрiншi топтағы мүгедек болғандарға тұрғын алаңмен кезектен тыс қамтамасыз етiлу құқығы берiледi;

жеке тұрғын үй салу үшiн олардың төлем қабiлетiн ескере отырып, несие сақтау шоттарында бастапқы жинақ ақшасыз 30 жылға бес процентпен берiлетiн жеңiлдiктi кредит алу құқығы;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде квота беріледі;

Осы аталған адамдар басқа тұрғын үй берiлмейiнше қызмет бабында алған тұрғын үйлерден шығарылмайды.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 1997.04.02 N 88-I, 1997.06.19 N 134, 1999.04.07 N 374, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   4 ТАРАУ
 Қорытынды ережелер

      17-бап. Жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғауды қаржыландыру

Соғысқа қатысқандарға, соғыс мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бюджет қаражатының, сондай-ақ қайырымдылық қорларының есебінен жүзеге асырылады.
Ұйымдар аталған адамдарға материалдық көмек көрсетуге құқылы.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 1997.06.19N 134, 1999.04.07. N 374, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

      18-бап. Жеңiлдiктер беру негiздерi мен шарттары

Жеңiлдiктер алуға құқығы бар адамның тұрақты тұратын жерiнде 1992 жылдың 1 қаңтарына дейiн қолданылған нысандар бойынша тиiстi органдар берген куәлiктер, сондай-ақ әскери комиссариаттар, әскери бөлiмдер, архив мекемелерi әскери қызметшiнiң, партизанның және өзге адамның қаза тапқандағы (хабар-ошарсыз кеткенi), қайтыс болғаны туралы берген хабарламалары, анықтамалары, немесе зейнетақы тағайындаған органдар растаған зейнеткерлiк куәлiктерi жеңiлдiктер беру үшiн негiз болып табылады.

Осы Заңның күшi жүретiн екi және одан да көп адамдар бiрге тұрған кезде тұрғын үйдi пайдалану шығыстарын, пәтерақы мен коммуналдық қызмет үшiн ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер олардың әрқайсысы үшiн белгiленген ережелерге және нормаға сәйкес берiледi, бұл ретте бiрнеше негiздер бойынша осы жеңiлдiктерге құқығы бар адамдарға (отбасыларына) берiлетiн жеңiлдiктердi жинақтауға жол берiлмейдi.

      19-бап. Жеңiлдiктер алу құқығын кiдiрту және тоқтату

Осы Заңда көзделген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктерге деген құқық олар қайтыс болған күннен бастап тоқтатылады және бас бостандығынан айыру түрiнде сот белгiленген қылмыстық жазасын өтеу уақытына кiдiртiледi.

      20-бап. Жергiлiктi атқару органдары мен еңбек
              ұжымдарының соғысқа қатысушылар мен соғыс
              мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген
              адамдарға қатысты мiндеттерi

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың әкiмдерi, ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң басшылары өз құқығы мен құзыры шегiнде тиiстi бюджеттер есебiнен, қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолы (барып, қайту) жөнiнде жеңiлдiктер, сондай-ақ материалдық көмек пен көмектiң басқа да түрлерiн көрсету жөнiнде қосымша шаралар белгiлейдi.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 мамырда № 11038 тіркелді

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі                              Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ____________ А. Сәрінжіпов
      2015 жылғы 7 сәуір

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 165 бұйрығына 1-қосымша

   Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты

  1. Жалпы ережелер
  2. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
    2. Осы стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, медициналық-әлеуметтік ұйымдар (бұдан әрі – МӘҰ) қызметінің тәртібін, медициналық-әлеуметтік ұйымдарға:
    1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрі – балалар);
    2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
    3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
    4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі – мүгедектер);
    5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) МӘҰ қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.
    Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
    3. Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) стационарлық үлгідегі ұйымдар (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) болып танылады.
    4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер сақтайды.
    5. Қызмет көрсетумен байланысты шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
    6. Стационарлық үлгідегі ұйымдар:
    1) мыналардың:
    барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының арнайы (қосымша) сыныптарында оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) болуы;
    барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдігі (нашар есту), оның ішінде мамандандырылған мектеп интернаттардың қосымша сыныптарында оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы;
    жарыместігі болғанда айына төрт реттен жиі емес ұстамасы бар (оның ішінде симптоматикалық) эпилепсия;
    өнімді симптоматикасыз дефектісі айқын білінетін шизофрения;
    бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың.
    Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балалардың тұруына медициналық қарсы көрсетілімдер:
    өнімді симптоматикасы бар шизофренияның;
    жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім эпилепсияның;
    кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;
    балалар мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;
    белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі – ЖИТС);
    мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.
    2) стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж интеллектісі сақталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі ТҚА бұзылған балалардың.
    ТҚА бұзылған балалардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсетілімдер:
    психикалық аурулардың;
    барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
    жиі эпилептиформалық ұстамалардың (айына бес реттен артық);
    мінез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтарының;
    қайтымсыз гидроцефалияның;
    жіті психотикалық симптоматикалы нашақорлық пен алкоголизмнің;
    мінез-құлықтың психоұқсас түрлері мен (немесе) интеллектілік-мнестикалық бұзылушылықтарының;
    белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
    мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.
    3) мыналардың:
    барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін адамдар) болуы;
    барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдігі (нашар есту), оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы;
    жіті психотикалық симптоматикасының болмауымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
    психотикалық симптоматикасы күшеюден тыс, жеке адам дефектісі айқын білінетін шизофрения;
    жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар эпилепсияның түрлі нысандары;
    жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және т.б.);
    айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
    айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері жоқ қан-тамыр және сенильдік аурулар салдарынан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан бірінші, екінші топтағы адамдардың.
    Он сегіз жастан асқан адамдардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына медициналық қарсы көрсетілімдер:
    белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, ЖИТС-тің, жыныстық жолмен берілетін аурулардың;
    мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың;
    жіті және қатты сатыдағы психикалық аурулардың;
    созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;
    айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өршімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулардың;
    эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;
    тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;
    түрлі генездегі айқын білінетін депрессиялық және қияли жай-күйлер, созылмалы реактивті жай-күйлердің;
    айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдар, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының болуы болып табылады.
    4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектердің;
    5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне қызмет көрсете алмайтын және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар қарт адамдардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған.
    Мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына:
    белсенді процесс сатысындағы туберкулездің;
    психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, ақыл-ес кемістігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
    карантиндік инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.
    7. Стационарлық үлгідегі ұйым заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
    8. Стационарлық үлгідегі ұйымдар:
    1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
    2) психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
    3) қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
    4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым);
    5) тәулік бойы тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.
  3. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың міндеттері мен функциялары
  4. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың негізгі міндеттері:
    1) қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша барабар тыныс-тіршілік жағдайын жасау;
    2) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді осы стандартта белгіленген көлемге сәйкес көрсету;
    3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және кірігу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
    4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
    5) кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық және психикалық күш көрсетуден, қорлаудан, дөрекіліктен қорғау болып табылады.
    10. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың негізгі функциялары:
    1) қызмет алушыларды қабылдау және олардың ауруларын, жағдайының ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізу;
    2) қызмет алушылардың жеке басының қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    3) стационарлық үлгідегі ұйымдарда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
    4) осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
    5) қызмет алушылардың тұру жағдайларын жақсарту, келушілерді қабылдау жағдайларын қамтамасыз ету;
    6) қызмет алушылардың жеке және құнды заттарының сақталуын қамтамасыз ету;
    7) қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, стационарлық үлгідегі ұйымдардағы ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
    8) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
    9) қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж қызмет алушыларға қатысты стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне жүктелген қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын Кодекстің 122-бабының 4-тармағында, 125-бабында белгіленген тәртіппен орындау;
    10) стационарлық үлгідегі ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
    11) стационарлық үлгідегі ұйымдардың құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.
  5. Стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау шарттары
  6. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымдарға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арқылы жүзеге асырады.
    12. Арнаулы әлеуметтік қызмет бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы стационарлық үлгідегі ұйымдар қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
    13. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
    1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
    2) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    3) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
    4) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
    5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);
    6) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);
    7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
    8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
    Аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар) жергілікті атқарушы органы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешім шығарғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға стационарлық үлгідегі ұйымға жолдама беру туралы сұрау салу жолдайды. Уәкілетті орган стационарлық үлгідегі ұйымға жолдама беру туралы сұрау салуды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына стационарлық үлгідегі ұйымда кезектілік болмаған жағдайда жолдама не кезекке қою туралы хабарлама жібереді.
    Егер кезекке қою туралы хабарлама берілген күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда жолдаманы ресімдеу кезінде аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орган алушыны қайтадан медициналық тексеріп-қараудан өту қажеттігі және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсыну туралы хабардар етеді. Қызмет алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның арнацлы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызмет алушы онда медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екені туралы куәландыратын осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
    Уәкілетті органнан жолдама алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:
    1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;
    2) уәкілетті органның жолдамасы (арнаулы әлеуметтік қызметтерді бюджет қаражаты есебінен ұсынған кезде);
    3) қызмет алушының ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
    5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
    6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);
    7) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);
    8) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
    9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
    Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж он сегіз жастан асқан адамдарды және (немесе) үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне тапсырған кезде заңды өкілдерінің бірі (ата-анасының біреуі, қамқоршы, қорғаншы, асырап алушы, патронат тәрбиеші және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдар, он сегіз жастан асқан адамдар) мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:
    он сегіз жастан асқан адамдар үшін – ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжат, соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (болған кезде);
    балалар үшін – ЖСН-і бар туу туралы куәлік және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша профилактикалық егу картасы.
    14. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.
  7. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру жағдайлары
  8. Стационарлық үлгідегі ұйымдар санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздігіне, оның ішінде өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
    16. Құрылтайшы стационарлық үлгідегі ұйымдарды қазіргі заманғы техникамен жабдықталуын қамтамасыз етеді.
    17. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың ғимараты құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес онда тұру ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.
    18. Қызмет алушылар бөлмелерге денсаулық жағдайына, жасы, жынысы және психологиялық үйлесімділігі ескеріліп орналастырылады. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратындар қатарындағы ерлі-зайыптыларға бірге тұру үшін жеке орынжай бөлінеді.
    19. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру тәртібі стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін ішкі тұру тәртібі ережесінде айқындалады.
    20. Қызмет алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда уақытша болу жағдайында тұруы стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы қызмет алушымен не оның заңды өкілімен жасасатын келісімшартпен ресімделеді, онда уақытша болу мерзімі, қызметтердің көлемі мен түрлері айқындалады.
  9. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке
    сұранысын айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу
  10. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен көлемін) әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, педагогтар және стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары) айқындайды. Стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штаттық нормативтері бюджет қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, осы стандартқа 3-қосымшада белгіленген стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері сақтала отырып қалыптастырылады.
    22. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары әрбір қызмет алушыға бір жыл мерзімге осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – жеке жоспар) әзірлейді.
    23. Қызмет алушылардың жеке жоспарлары қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары бақылағаннан кейін стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір күн ішінде әзірленеді, кейінгі бес жұмыс күні ішінде толтырылады және стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.
    24. Жеке жоспарда көрсетілген оңалту іс-шараларын стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары жеке жоспарда бекітілген мерзімде жүргізеді.
    25. Қызмет алушылардың жай-күйіндегі өзгерістерді стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) қарауға тиіс.
    26. Өткізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспардың (мониторингтің) орындалуы жөніндегі журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі – журнал/электрондық картотека) көрсетеді. Журнал/электрондық картотека әрбір қызмет алушыға жеке жүргізіледі.
    27. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажет болғанда қызмет алушылардың жеке жоспарларын түзетеді.
    28. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, олардың сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
    29. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандарының жұмыс сапасын стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы немесе уәкілетті орган:
    1) отбасыларға қайтарылған (берілген) және (немесе) жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын;
    2) тұрмыстық және еңбек қызметіне тартылған қызмет алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.
    30. Стационарлық үлгідегі ұйымдарға қажетті мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін келісімшарт негізінде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады.
    31. Стационарлық үлгідегі ұйымның әрбір маманы лауазымдық нұсқаулыққа және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.
    Оңалту іс-шараларының нәтижелері тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгіленіп отырады.
    32. Стационарлық үлгідегі ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы ай сайын аурудың терминалды (соңғы) сатысында тұрған паллиативтік көмек қызметі мен мейірбикенің күтімі қажет жазылмайтын ауруларды анықтау мониторингін жүргізеді.
    33. Стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігі стационарлық үлгідегі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттердің сапалы орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.
  11. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
  12. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге:
    1) денсаулық жағдайына байланысты әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
    2) тұрғын жай беру, оның ішінде бір балаға, ТҚА бұзылған балаға кемінде төрт шаршы метр және он сегіз жастан асқан адамға, мүгедекке, қартқа кемінде бес шаршы метр жатын бөлмелерін беру;
    3) оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларына, діни рәсімдерді жасауға, емдік еңбек қызметін ұйымдастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне үйретуге арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
    4) денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істеуге болатын мүгедектерге және он сегіз жастан асқан адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
    5) бөгде адамның көмегіне сүйенбей тұрмыстық мұқтаждықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бейімделген орынжайлар мен айлабұйымдар ұсыну;
    6) дағдарыс палаталарын, паллиативтік көмек палаталарын (бөлімшелерін) жасау үшін интенсивтік күтім және терапия жүргізуге арналған жабдықтармен жабдықталған орынжайлар ұсыну;
    7) отбасында тұратын және уақытша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларға жергілікті атқарушы орган бекіткен тәртіппен ақылы келісімшарт негізінде стационар жағдайында уақытша (алты айға дейін) болу үшін орынжайлар ұсыну;
    8) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
    9) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса алғанда, тамақ ұсыну;
    10) осы стандартқа 6-қосымшада көзделген көлемнен кем емес жұмсақ мүкәммал беру;
    11) тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету (кір жуу, кептіру, үтіктеу, іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);
    12) қалалық телефон байланысы қызметін ұсыну;
    13) емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу іс-шараларына қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну;
    14) хат жазуға және оқуға көмек көрсету;
    15) әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда қызмет алушыларға шаштараз қызметін көрсету;
    16) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған туыстары (заңды өкілдері) болмаған немесе олар жерлеумен айналысқысы келмеген кезде) жатады.
    35. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) берілетін тұрғын үй орынжайлары көлемі мен басқа да көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
    Тұрғын орынжайларға (бөлмелерге) қызмет алушыларды орналастыру кезінде олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері, физикалық және психикалық хал-жайы, әдеттері, психологиялық үйлесімділігі, жеке даму және әлеуметтену деңгейі ескеріледі;
    Барлық тұрғын, қызметтік және өндірістік орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап беретін телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі және қызмет алушыларға олардың талаптары бойынша көрсетіледі. Орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әртүрлі факторлардың әсерінен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дірілден және тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан) қорғалған болады.
    Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етіледі;
    2) стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
    әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
    3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болады;
    4) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз бен төсек-орын жабдықтары қызмет алушылардың физикалық жай-күйін және жасын ескере отырып таңдалып, заманауи дизайн талаптарына жауап береді;
    5) қызмет алушыларға берілетін киім, аяқ киім, іш киім және бірінші қажеттіліктегі басқа да заттар киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, мүмкіндігінше олардың сұраған фасоны мен түсіне, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;
    6) ыстық тамақ, оның ішінде диеталық тағамдар сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділігі мен калориялық талаптарына жауап береді, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады.
    Стационарлық үлгідегі ұйымдардың басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді және екінші аптаға перспективалық мәзірді бекітеді;
    7) бақылаудағы, төсек режиміндегі және денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылық танытуы қажет);
    8) шаштараз қызметін көрсету санитарлық-гигиеналық талаптар сақтала отырып арнайы жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырылады;
    9) созылмалы дамушы аурулар жағдайындағы немесе терминалды (соңғы) даму сатысындағы он сегіз жастан асқан адамдарды, мүгедектерді, қарттарды үздіксіз бақылау мақсатында паллиативті көмек палаталары (бөлімшелері) құрылады;
    10) өзіне дене зақымын келтіруі мүмкін және (немесе) айналасындағыларға қауіп тудыруы мүмкін және осы себептермен қосымша күтімге, күшейтілген бақылауға және (немесе) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар үшін дағдарыс палаталары (бөлімшелері) құрылады;
    11) жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қол шеберлігі мен еңбек дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін қызмет алушылардың ауруының және/немесе мүгедектігінің сипаты, физикалық жай-күйі ескеріліп, тиісті жағдай жасалады және тәрбиелеу мен оқыту процесінде оларға қажетті жайлылықты қамтамасыз етеді;
    12) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзірлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлмені/орынжайды күту және өзге де дағдылар) негіздеріне үйрету үшін қажетті тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлы кабинеттер құрылады;
    13) қызмет алушыларды емдеу, оқыту, мәдени іс-шараларға қатысу үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;
    14) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтылығына жауап береді;
    15) діни ғұрыптарды орындау үшін жағдай жасау кезінде қызмет алушылардың діни наным-сенімі, жасы, жынысы, физикалық жай-күйі, әртүрлі концессияларда қабылданған діни салттардың ерекшелігі қатаң түрде ескеріледі;
    16) жерлеу қызметін ұйымдастыру қайтыс болған қызмет алушының діни наным-сенімі ескеріліп жүзеге асырылады.
    36. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуге:
    1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
    2) дәрігерге дейін көмек көрсету;
    3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
    4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
    5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
    6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
    7) қызмет алушыларға техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
    8) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;
    9) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;
    10) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
    11) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер);
    12) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;
    13) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
    14) денсаулық жағдайына байланысты қызмет алушылардың күтімін қамтамасыз ету;
    15) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
    16) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
    17) денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;
    18) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастыру;
    19) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмектік емес терапия қызметін жүргізу;
    20) диспансеризациядан өтуін ұйымдастыру;
    21) емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету);
    22) медициналық көрсетілімдер мен жас ерекшеліктеріне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру;
    23) балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, қарттар мен мүгедектерге паллиативтік көмек қызметтерін көрсету;
    24) балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға психиатриялық, психотерапевтикалық көмек қызметтерін көрсету жатады.
    37. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетілімдерін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп, қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
    2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
    3) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп стационарлық үлгідегі ұйымдарда күтуді қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулық жағдайын күнделікті бақылау (дене ыстығын, артериалдық қысымын өлшеу және т.б.), емдеуші дәрігерлердің тағайындауына сәйкес дәрі-дәрмек беру, қызмет алушының қозғалуына (қажет болғанда) және басқа да әрекетіне көмектесу сияқты қызметтерді қамтиды;
    4) медициналық рәсімдерді (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету), сондай-ақ денсаулыққа байланысты өзге рәсімдерді (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер) жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
    5) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы жүргізіледі және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
    6) психотерапевтік көмек қызмет алушылардың өмірлік қиындықтары мен жеке бас шиеленістерінің негізінде жатқан ауыр психологиялық жара салу немесе стресс жағдайларын жеңу, өмірі мен тұрмысының өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әлеуметтік бейімделу сияқты және басқа да проблемаларды тиімді шешуіне жәрдемдеседі;
    7) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру қызмет алушылардың соматикалық жай-күйін, оның жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі;
    8) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу, сондай-ақ балаларға, қарттар мен мүгедектерге оларды емдеу-алдын алу мекемелеріне немесе санаторлық-курорттық емдеуге жіберуге жәрдемдесу жедел, уақтылы жүргізілуге тиіс және қатаң түрде медициналық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады;
    9) қамқоршылықтағы адамдарды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және онда бірге баруды әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман және (немесе) медицина қызметкері жүзеге асырады;
    10) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және т.б.) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
    11) стационарлық үлгідегі ұйымдарда паллиативті көмек және мейірбике күтімі қызметтері қажет болған сәттен бастап өмірінің соңғы күніне дейін көрсетіледі.
    Паллиативті көмек палаталарында (бөлімшелерінде) дәрігердің ұйғарымы бойынша медициналық персоналдың (мейірбике) тәулік бойы бақылауы белгіленеді, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер тағайындалады, дәрі-дәрмекпен, құралдармен және техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен науқасы ауыр қызмет алушыны оңалту және күту құралдарына қажеттілік айқындалады.
    Денсаулық сақтау ұйымдарымен паллиативті көмек көрсету және мейірбике күтімі мәселелері жөніндегі өзара іс-әрекетті әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман мен жетекші дәрігер жүзеге асырады;
    12) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
    13) оңалту іс-шараларын жүргізу қызмет алушылардың денсаулық жағдайына қарай жүзеге асырылады, әлеуметтік-орта бағдарына және әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуге және т.б. бағытталған өзі үшін қолайлы медициналық іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді;
    14) емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қызмет алушылардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
    15) диспансеризациядан өтуді ұйымдастыру денсаулық жағдайын тереңдетіп және жан-жақты тексеру үшін қызмет алушылардың барлық ұйғарылған маман дәрігерлерге баруын қамтамасыз етеді;
    16) медициналық-әлеуметтік тексеруді, білікті консультация беруді ұйымдастыру, бастапқы медициналық тексеруді және бастапқы санитарлық тазалауды жүргізу, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    17) протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
    18) техникалық (орнын толтырушы) көмекші құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
    19) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;
    20) медициналық көрсетілімдер мен жас ерекшеліктеріне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру қызмет алушылардың жеке қажеттіліктері мен олардың денсаулық жағдайларына қарай жүзеге асырылады;
    21) дәрігерлердің ұйғарымдары бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының уақтылы алдын алуға және жоюға ықпал етеді;
    22) арнайы мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу қызмет алушыларға бастапқы диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.
    38. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
    1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
    2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
    3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
    4) психологиялық консультация беру;
    5) шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) көмек;
    6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
    7) психологиялық тренингтер;
    8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;
    9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу жатады.
    39. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
    2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
    Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызмет алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат беруге тиіс;
    3) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қызмет алушылардың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
    4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
    5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі тексеру негізінде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжал және қызмет алушылардың қиын өмірлік жағдайын одан әрі қиындата түсетін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    6) қызмет алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуге тарту қызмет алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуды, стреске төзімділігін, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    7) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
    8) психологиялық алдын алу жұмысы мүгедектер мен қарттарда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасайды, тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алуға жәрдемдеседі;
    9) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етеді.
    40. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:
    1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
    2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
    3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;
    4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі дағдыларының негіздеріне үйрету;
    5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
    6) баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланың және он сегіз жастан асқан адамның жеке тұлғасына, даму деңгейіне педагогикалық диагностика жүргізу және тексеру;
    7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзету;
    8) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша оларды оқытуды ұйымдастыру;
    9) есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектердің, сондай-ақ олардың ата-аналары мен басқа да мүдделі адамдардың ымдау тілін үйренуіне жәрдемдесу;
    10) ымдау тіліне аудару қызметтері жатады.
    41. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    2) адамды педагогикалық диагностикалау және тексеру заманауи аспаптарды, аппаратураны, тестілерді пайдалана отырып жүргізіледі және дағдарыс немесе шиеленіс жағдайына тап болған қызмет алушыға белгіленген диагнозына сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсету үшін, балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын айқындау, олардың бейімділіктерін зерттеу және т.б. үшін балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың тұлғасын жан-жақты зерттеу негізінде оның жай-күйінің шынайы бағасын береді;
    3) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
    Сондай-ақ, жеке қажеттіктер негізінде әзірленетін авторлық бағдарламалар (үлгілер) бойынша қызмет алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, қозғалу, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтерге де жол беріледі.
    Авторлық бағдарламалар (үлгілер) қандай да бір қызмет алушының тәрбие дағдыларын немесе оқу материалын қабылдау және меңгеруге қабілеттігін ескере отырып құрылады;
    4) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргізу үшін балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшеліктерін әлеуметтік дағдылары мен когнитивтік дамуын ескеріп, (үш жастан бес жасқа дейін, алты жастан сегіз жасқа дейін, тоғыз жастан он үш жасқа дейін, он төрт жастан он сегіз жасқа дейін, он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін және қажеттігіне қарай одан үлкен) топтарға, оларды кейіннен толықтыра отырып бөлу жүргізіледі:
    өзіне-өзі қызмет көрсетудің және жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған жағдайда (өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздігінен тамақтана алмайтын), үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж алты адамнан асырмай;
    қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған жағдайда, үнемі бөгде адамның бақылауына мұқтаж сегіз адамнан асырмай;
    қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда он адамнан асырмай;
    қалыптасқан қолымен жұмыс істей алу дағдылары болған жағдайда он екі адамнан асырмай (еңбек бағдары бағдарламасын іске асыруға арналған топ алты адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді) бөлінеді.
    Арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсіздену дәрежесін, білім деңгейін, физикалық және психикалық жағдайын ескере отырып, оқытуды ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетуді қамтиды.
    5) тұрмыстық бағдар негіздеріне оқыту көрнекі және тиімді болып табылады, нәтижесінде қызмет алушылар ас әзірлеу, киімді ұсақ жөндеу, тұрғын орынжайды күту, аумақты тазалау және жайластыру және т.б. сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде үйренеді;
    6) ымдау тілін игеруге жәрдемдесу және ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер қызмет алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымның мамандарымен өзара қарым-қатынасын орнатуға жәрдемдеседі.
    7) стационарлық үлгідегі ұйымдардың балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға сабақ өткізу ұзақтығы осы стандартқа 7-қосымшада көрсетілген.
    42. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
    1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
    2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу;
    3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
    4) бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
    5) қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
    6) қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың бойындағы жоғалған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіру жөніндегі қызметтер жатады.
    43. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызмет алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;
    2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және стационарлық үлгідегі ұйымдарда қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
    3) он сегіз жастан асқан адамдар мен мүгедектерде шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жойылған тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру бойынша фронтальді және жеке сабақтар ұйымдастырылады;
    4) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
    5) мүгедектерді кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын барынша ықтимал қалпына келтіруге және жаңа кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік береді;
    6) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;
    7) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
    44. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
    1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
    2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
    3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) тарту жатады.
    45. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
    2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;
    3) қызмет алушыларды концерт бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің жобасын әзірлеуге тарту қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына жәрдемдеседі;
    4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру стационарлық үлгідегі ұйым ұжымының қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жөнге салуға жәрдемдеседі.
    46. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
    «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.
    47. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар:
    қызмет алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу олар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
    48. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
    1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
    2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
    3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
    4) заңнамада белгіленген жеңілдіктермен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
    5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
    6) құқығы мен мүддесін қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз ету;
    7) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алу мәселелері бойынша заңгерлік консультация беру жатады.
    49. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өздерінің мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді;
    2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама және т.б.) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен көтерілген мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік беруге, осы мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініш, шағым, анықтама және тағы да басқа құжаттар) дайындау және тиісті адресатқа жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
    3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге көмек көрсетеді;
    4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша алуға тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасы тәрбиесінің басқа нысандарына алуға) ресімдеуде заңгерлік көмек көрсету қызмет алушыларға қажетті құжаттардың мақсатына қарай мазмұнын, құжаттар мәтінінің баяндалуын және жазылуын (қажет болғанда) немесе нысанды бланкілердің толтырылуын, ілеспе хаттардың жазылуын түсіндіруді қамтамасыз етеді;
    5) Кодекске сәйкес қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронатқа, қамқоршылыққа алуға жәрдемдеседі.
  13. Қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымнан шығару,
    шығарып жіберу, уақытша шығару және ауыстыру шарттары
  14. Стационарлық үлгідегі ұйымнан қызмет алушыларды шығару:
    1) қызмет алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) жазбаша өтініші;
    2) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі (он сегіз жастан асқан адамдарға және мүгедектерге) белгіленген, медициналық ұйым мүгедектің денсаулық жағдайы бөгде адамның көмегінсіз еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей жақсарған деп таныған жағдайда және қызмет алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болғанда;
    3) балалар мен ТҚА бұзылған балалар кәмелетке толғанда;
    4) ақылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы келісімшарт бұзылған жағдайда жүзеге асырылады.
    51. Қызмет алушылардың жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына стационарлық үлгідегі ұйым дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып, мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігіне жазбаша хабарламасының, ал балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар үшін – заңды өкілдерінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның), жақын туысының жазбаша өтінішінің негізінде рұқсат етіледі.
    52. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызмет алушылар болмаған уақытта стационарлық үлгідегі ұйым басшысының тиісті бұйрығымен олар үлестен шығарылады.
    53. Қызмет алушыларды одан әрі оңалту үшін басқа ұйымға бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді қабылдаушы тараптың қызмет алушыларды ұстау және оларға қажетті күтімді қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде стационарлық үлгідегі ұйым тәртіпаралық комиссияның қорытындысын есепке ала отырып, стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі қабылдайды.
    54. Он сегіз жасқа толған балалар, оның ішінде ТҚА бұзылған балалар медициналық ұйымның және медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындыларына сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік ұйымға, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік ұйымға ауыстырылады не үйіне шығарылады.
    55. Стационарлық үлгідегі ұйымда тұруға медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде қызмет алушылар мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емдеуге ауыстырылады.
    56. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызмет алушыларды бір өңірде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымнан елдің өзге өңірінде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру, тиісті өңірлердің уәкілетті органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
    57. Бала он алты жасқа толғанда стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі оның жеке куәлігін ресімдеуді қамтамасыз етеді.
    58. Қарттар мен мүгедектер:
    1) ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спиртті ішімдіктерді әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда;
    2) мүгедектер мен қарттар соттың шешімі бойынша спиртті ішімдікке салынудың немесе есірткі заттарын қолданудың салдарынан әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған жағдайда.
    Әрекет қабілеттілігінің шектелуі соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда адам жалпы негізде қайта қабылданады;
    3) қызмет алушы стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан өз бетімен шығып кеткен және екі тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда шығарылуға жатады.
    Стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан шығып кеткен адам осы стандарттың 3-тарауына сәйкес жалпы негізде қайта қабылдануы мүмкін, ал маңызды себептер бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылданады.
    59. Осы стандарттың 58-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша стационарлық үлгідегі ұйымнан шығарып жіберілген қызмет алушылар осы стандарттың 3-тарауында көзделген тәртіппен, алайда олар шығарып жіберілгеннен кейін бір күнтізбелік жыл өткен соң ғана стационарлық үлгідегі ұйымға қабылданады.
    60. Қызмет алушыларды шығару (шығарып жіберу), уақытша шығару, басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру стационарлық үлгідегі ұйым басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
    Бұл ретте, міндетті түрде шығару немесе ауыстыру эпикризі, стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, олар мүгедектер мен қарттардың қолына не қызмет алушыларды қабылдайтын тарапқа беріледі.
    61. Шығару, уақытша шығару немесе басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру кезінде қызмет алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқ киімі, стационарлық үлгідегі ұйымда сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.
  15. Стационарлық үлгідегі ұйымды басқару
  16. Стационарлық үлгідегі ұйымды уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы басқарады.
    63. Стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штат нормативтерін уәкілетті орган немесе құрылтайшы осы стандартқа 3-қосымшада көзделген нормативтерді сақтау арқылы бюджет қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып бекітеді.
    64. Стационарлық үлгідегі ұйымда қарттар мен мүгедектер қатарынан мәдени-тұрмыстық комиссия (МТК) құрылады, оны төрағасы басқарады, стационарлық үлгідегі ұйым басшысы бекітетін Мәдени-тұрмыстық комиссия туралы ереже негізінде әрекет етеді.
    65. Стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол стационарлық үлгідегі ұйым басшысында сақталады және қызмет алушылар мен келушілердің бірінші талабы бойынша беріледі.
    66. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган ай сайын қарайды.
    67. Стационарлық үлгідегі ұйымның заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына 1-қосымша

Нысан

Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысы

_______________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым басшысының Т.А.Ә.)
Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___ _____ ___ жылы берілді
Тіркелген жері_________________________________________________
Тұратын жері___________________________________________________
Туған жері_____________________________________________________
Туған күні «___» _________ ____ жыл
Жәрдемақының түрі мен мөлшері__________________________________
Мүгедектік санаты______________________________________________
Туыстары (заңды өкілдері)______________________________________
_______________________________________________________________
(туыстық қатынасы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын
мекенжайы, байланыс телефоны)

   ӨТІНІШ

_______________________________________________________________
(қызмет алушының Т.А.Ә.)
стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге
мұқтаж болғандықтан,_________________________________________________
медициналық-әлеуметтік мекемеге тұрақты/уақытша (керегін сызу)
тәулік бойы тұруға қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1) _______________________ 2) _________________________
3) _______________________ 4) _________________________
5) _______________________ 6) _________________________
7) _______________________ 8) _________________________
9) _______________________ 10) ________________________

Медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдаудың, онда ұстаудың,
одан ауыстырудың және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп
ережелерімен таныстым.
20 ___ жылғы «___»_________ ___________________________________
(Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)
Құжаттарды қабылдаған__________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

20 __ жылғы «___»_________

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына 2-қосымша

Нысан

   МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
_____________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні «____»_________ _____ жыл
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,
азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа) ______________________________
Медициналық тексеру:
(негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар
туралы мәліметтерді көрсету қажет)
хирург ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
невропатолог ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
психиатр ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
окулист _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
отоларинголог _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
дерматовенеролог ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
фтизиатр_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
терапевт/педиатр_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________
_____________________________________________________________________
Көрсеткіштер бойынша:
стоматолог __________________________________________________________
эндокринолог ________________________________________________________
кардиолог ___________________________________________________________
ортопед _____________________________________________________________
нарколог ____________________________________________________________
онколог _____________________________________________________________
гинеколог ___________________________________________________________

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:
қанның жалпы анализі_________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
зәрдің жалпы анализі ________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу
_____________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу
_____________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:
АИТВ инфекциясына қанның анализі ____________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
сифилиске қанның анализі ____________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
әйелдердің қынап жағындысы __________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
ерлердің уретральды жағындысы _______________________________________
(мерзімі, нәтижесі)

Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

М.О.
Медициналық ұйымның басшысы: __________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
20___ жылғы «___»___________

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына 3-қосымша

   Стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың
ең аз штаттық нормативтері

Лауазым атауы Қызмет алушылардың саны
51-ге дейін 50-
100
101-
150
151-
200
201-
250
251-
300
301-
400
401- 500 500-ден астам
Басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналдың штаттық нормативтері
1 Директор мекемеге 1 бірлік
2 Директордың әкiмшiлiк-шаруашылық жұмыс жөнiндегi орынбасары 1 1 1 1 1 1
3 Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары мекемеге 1 бірлік
4 Директордың медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары (6 кем емес дәрігерлік лауазым жағдайында)
5 Медициналық бөлімнің меңгерушісі (6 кем емес дәрігерлік лауазым жағдайында) 1 1 1 1 1 1 1 1
6 Бас бухгалтер мекемеге 1бірлік
7 Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау бойынша экономист 0,5 1 1 1 1 1 1 1
8 Бухгалтер 0,5 1 1,5 2 2 2 2 3 3
9 Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер мекемеге 1 бірлік
10 Кадр жөнiндегi инспектор 0,5 1 1 1 1 2 2 3 3
11 Аудармашы мекемеге 1 бірлік
12 Шаруашылық меңгерушiсi мекемеге 1 бірлік
13 Қойма меңгерушiсi мекемеге 1 бірлік
14 Қойма (көкөніс сақтау қоймасы) меңгерушісі (азық-түлік қоймасы, көкөніс сақтау қоймасы болса) мекемеге 1 бірлік
15 Хатшы-машинистка (референт) мекемеге 1 бірлік
16 Дезинфектор 0,5 0,5 1 1 1,5 2 2 2 2
17 Вахтер 1 мекемеге 1 бірлік
18 Лифтер (лифт болса) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 9 бұйрығымен бекітілген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9739 болып тiркелген, барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес (бұдан әрі – еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтер)
19 Күзетші мекемеге 4 бірлік
20 Автомобиль жүргізушісі 1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік
21 Тракторшы (трактор болса) 1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік
22 Бақшашы (тазаланатын алаң 0,75 га кем емес) мекемеге 1 бірлік
23 Аула сыпырушы еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
24 Слесарь-сантехник еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
25 Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтер еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
26 Электр-газ дәнекерлеуші еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
27 Қосалқы жұмысшы еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
28 Ғимараттар мен үй-жайларды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (ағаш ұстасы, ағаш шебері) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
29 Газ тектес, сұйық және қатты отынмен жанатын, электрмен ысып істейтін қазандықтарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
30 Қазылған орлардан қатты шөгінділерден болған қоқысты шығару жөніндегі тасушы 4 бірлік кәріз болмаған жағдайда және қазылған орларды тазарту орталықтанған тәртіпте жүргізілмесе
31 Су сорғы станциясының машинисі (моторшысы) мекемеге 1 бірлік
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
32 Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман 1,5 2,5 3,5 4,5 5,5 6,5 8 9,5 10
Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі персоналдық штаттың нормативтері
33 Шаштараз 1, 3, 4 (жабдықталған шаштараз болғанда) әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын болғанда немесе мүмкін болмаған жағдайда әрбір 100 қызмет алушыға 1 бірлік
34 Палаталық санитар өзіне-өзі қызмет ету мен жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған жағдайда 6 адамнан (өздігінен қозғала және тамақтана алмайды), үнемі күтімді қажет етеді;
өзіне-өзі қызмет ету мен жеке гигиена дағдыларының қалыптасуы жағдайында 8 адамнан (ішінара қалыптасқан) үнемі қадағалауды қажет етеді;
тұрмыстық дағдылардың қалыптасуы жағдайында 10 адамнан (ішінара қалыптасқан);
қолының ептілігі дағдыларының қалыптасуы жағдайында 12 адамнан (еңбек бағдары бағдарламасын іске асыру үшін топ 6 адамнан шағын топқа бөлінеді) тұратын топқа 5,25 ставка
35 Палаталық санитар2,3,4 әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 50 төсек-орынға қалыптастырылады
36 Бақылау жөніндегі санитар3 әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 100 төсек-орынға қалыптастырылады
37 Күтім жөніндегі санитар (полиативті көмек палаталарында) Жеке күтімді қажет ететін 6 ауыр науқасқа – 1 бірлік
38 Бас аспазшы 0,5 1 1 1 1 1 1
39 Аспазшы 2 2 3 4 4 5 7 7 8
40 Ыдыс-аяқ жуушы 1 1 1 1 1 1,5 2 2 3
41 Көкөніс және картоп тазалаушы 1 1 2 2 3 3,5 4 5 6
42 Нан кесуші, асхана жұмысшысы 0,5 1 1 1 1 2 3 4
43 Буфетші 50 қызмет алушыға 1 бірлік
44 Шаруашылық бикесі әрбір 100 төсек-орынға 1 бірлік, бірақ 1 мекемеге кемінде 1 бірлік
45 Кір жуатын орын меңгерушісі (машинистердің қатарынан) 1 1 1 1
46 Киім және іш киім жуатын машинист 1 1,5 2 2,5 3 5 7 7 8
47 Санитар (-тазалаушы) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
48 Ваннашы санитар 1 2 3 4 5 6 6 7
Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
49 Педиатр дәрігер 1, 2 1 1 1,5 2 2 2 3 3 4
50 Терапевт дәрігер3, 4 1 1 1,5 1,5 1,5 1,5 2 2 3
51 Невропатолог дәрігер 1 1 1,5 1,5 1,5 1,5 2 2 2
52 Психиатр дәрігер (психотерапевт) 1, 3, 4 1 1 1,5 2 2 2 2 2 2
53 Травматолог-ортопед дәрігер 2 0,5 0,5 1 1 1 1 2 2 3
54 Дәрігер * мекемеге 1 бірлік
55 Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы 2, 4 мекемеге 1 бірлік (тиісті жағдай болғанда)
56 Жүзу (гидрокинезотерапия) жөніндегі нұсқаушы 2, 4 мекемеге 1 бірлік (бассейн болғанда)
57 Диетолог дәрігер немесе диеталық тамақ жөніндегі мейірбике мекемеге 1 бірлік
58 Дәріхана меңгерушісі (дәріхана болғанда) 0,5 0,5 1 1 1 1 1 1
59 Фармацевт 0,5 0,5 1 1 1 1 1 1 1
60 ЕДШК нұсқаушысы тірек-қимыл аппараттары бұзылуының ауыр түріне қызмет алушы 20 адамға немесе тірек-қимыл аппараттары функцияларының орташа бұзылуына байланысты қызмет алушы 40 адамға 1 бірлік, бірақ ЕДШК бір кабинетіне 2 бірліктен көп емес
61 Бас мейірбике (аға мейірбике) мекемеге 1 бірлік
62 Мейірбике әрбір тәулiк бойғы постқа – 5,25 ставка.
Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 50 төсек-орынға қалыптастырылады
63 Массаж жасау жөнiндегi мейiрбике 1 1 1 2 2 3 4 5 6
64 Акушер, фельдшер 3, 4 0,5 0,5 1 1 1 1 1 1 1
Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
65 Психолог 1 1 1,5 2 2 2 2 2 3
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
66 Әдіскер 1, 2 мекемеге 1 бірлік
67 Тәрбиеші 1, 2 оқу тобына 1,5 бірліктен ***
68 Логопед 1, 2 1 1 1,5 2 2 3 4 4 5
69 Дефектолог мұғалім 1, 2, 3 оқу тобына 1 бірлік **
70 Музыка мұғалімі 1,2,3 мекемеге 1 бірлік
71 Дене шынықтыру мұғалімі 1, 2, 3 мекемеге 1 бірлік
72 Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы (еңбекке оқыту мұғалімі) 1,2 оқу тобына 1 бірлік ***
Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
73 Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы 3, 4 1 бейінге 1 бірлік (бейін кемінде 6 қызмет алушыны оқытқанда қалыптастырылады)
Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
74 Мәдени ұйымдастырушы 1 1 1 1 2 2 2 2 2
75 Музыкалық жетекші 4 мекемеге 1 бірлік
76 Кітапханашы (кітапхана, лекотека болғанда) мекемеге 1 бірлік
Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
77 Заңгер мекемеге 1 бірлік

Ескертпе:
1) 1 – стационарлық үлгідегі балалар психоневрологиялық ұйымдарында енгізіледі;
2 – ТҚА бұзылған балалар үшін стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
3 – стационарлық үлгідегі психоневрологиялық ұйымдарға енгізіледі;
4 – қарттар мен мүгедектерге арналған стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
2) * (54-тармақ) – бұл лауазымға қызмет алушылардың ауру сипатын ескере отырып, қажеттігіне қарай кез-келген дәрігерді қабылдауға болады;
3) ** (67, 69, 72-тармақтар) – оқу топтары халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының 41-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қалыптастырылады;
4) жабдықталған мамандандырылған кабинеттер болғанда ең төмен штат нормативіне енгізілмеген тиісті мамандар қабылданады, алайда бір кабинетке 2 маманнан артық емес;
5) қажеттігіне қарай белгіленген лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастырады;
6) басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналды ұстау бойынша шығыстар 1 бірлік қызметтің құнын есептеуге қосылмаған;
7) стационарлық үлгідегі мекемелерде қызметтік автокөлік құралдары лимиті мынадай көлемде белгіленеді;
бір жеңіл автомобиль;
екі санитарлық автомобиль;
бір жолаушылар автобусы (100 немесе одан көп қызмет алушы болғанда);
бір автокөлік құралы (350 немесе одан көп қызмет алушы болған жағдайда.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына 4-қосымша

Нысан

Бекітемін:
______________________________
(стационарлық үлгідегі МӘҰ
басшысының Т.А.Ә. және қолы)
______жылғы «___»_____________

________________________________________________________________
(стационарлық үлгідегі МӘҰ-ның атауы)

Жеке жұмыс жоспары

Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні және жылы ________________________________________________
Диагнозы ____________________________________________________________
Стационарлық үлгідегі МӘҰ-ға түскен күні 20__жылғы «___»_____________
Қызмет алушыға __бастап ___қоса алғанға дейін бақылау жүзеге асырылды
Жеке жұмыс жоспары _______ бастап _________ қоса алғанға дейінгі
кезеңге әзірленді
Қызмет алушының жеке қажеттілігіне сәйкес тағайындалған іс-шаралар
(көрсетілетін қызметтің түрлері мен көлемін көрсету):

Қызмет түрлері Қызмет көлемі
(жеке жүргізілетін іс-шаралардың атауы)
Тағайындауды жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы Тағайындау күні
1 әлеуметтік-тұрмыстық
2 әлеуметтік-медициналық
3 әлеуметтік-психологиялық
4 әлеуметтік-педагогикалық
5 әлеуметтік-еңбек
6 әлеуметтік-мәдени
7 әлеуметтік-экономикалық
8 әлеуметтік-құқықтық

Жеке жұмыс жоспарын қайта қарау күні 20 __жылғы «__» __________

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман _______ ______________________
(қолы)     (Т.А.Ә., күні)

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына 5-қосымша

Нысан

   Қызмет алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы
(мониторингі) жөніндегі журнал/электрондық картотека

Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні және жылы ________________________________________________
Диагнозы ____________________________________________________________
___ ______ бастап ___ _______ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке
жұмыс жоспарына мониторингі
Қызмет алушыны қадағалау кезеңі: __ ____ бастап __ ____ қоса алғанда

Қызмет алушының жай-күйі туралы белгі, оның ішінде Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызмет көрсетудің қандай түрі қайта қаралуға тиіс екенін көрсету) Мониторинг жүргізу күні Мониторингті жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы
оң өзгерістер бар (сипаттап беру)* өзгерістер жоқ немесе нашарлады
(себебін көрсету)
1 2 3 4 5 6
1
2
3
4
5
6
7
8

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ___________  _______________________
(қолы)         (Т.Ә.А., күні)

Ескертпе: * Қызмет алушының:
– соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;
– қимыл, сенсорлық, танымдық, тіл дамыту, коммуникативтік салаларында;
– өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастырудағы оң өзгерістері белгіленді.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына 6-қосымша

   Стационарлық үлгiдегi ұйымдарға арналған киім, аяқ-киім және
жұмсақ инвентарь, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең
төмен нормалары

Атауы Өлшем бiрлiгi Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға* Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға*
Норма Мерзiмi (жыл) Норма Мерзiмi (жыл)
Төсек-орын жабдықтары
1 Ақ жайма дана 3 1 3 1
2 Сейсеп дана 3 1 3 1
3 Жастық тысы дана 4 1 4 1
4 Матрац (оның iшiнде басылып қалмайтын матрац) дана 1 2 1 3/2**
5 Жастық дана 1 2 1 3
6 Көрпе дана 1 2 2 3
7 Жамылғы дана 1 4 1 4
8 Вафельді сүлгiлер дана 4 1 4 1
9 Түкті сүлгiлер дана 2 1 2 1
Бөлме инвентарі
10 Дастархан дана 1 1 1 1
11 Үстелге арналған майлық орамалдар дана 4 1 4 1
Санитарлық-гигиеналық инвентарь
12 Резина клеенка дана қажеттігіне қарай 1 тоқсанда
13 Әйелдерге арналған сiңіргіш төсемелер дана 16 айына 16 айына
14 Жаялықтар (дәрігердің тағайындауы бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес нормаға қосымша) дана 3 күніне 3 күніне

Ескертпе:
1) * бөлме инвентарі мен санитарлық-гигиеналық инвентарь нормативтері стационарлық үлгідегі ұйымдарды арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарға ғана қолданылады;
2) ** 4-тармақтағы бірінші сан жалпы бөлiм үшін орындау мерзімін, ал екінші сан ауыр науқастар үшін орындау мерзімін көрсетеді.
Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға киім мен аяқ киім мынадай көлемде беріледі:

Атауы Өлшем бiрлiгi Балаларға (психоневрологиялық ауытқулары бар) Он сегіз жастан асқан адамдарға
Норма Мерзiмi (жыл) Норма Мерзiмi (жыл)
Киім
1 Пальто немесе куртка дана 1 2 1 3
2 Жадағай немесе жел өткiзбейтiн күрте дана 1 2 1 2
3 Жүн матадан тiгiлген костюм дана 1 2 1 3
4 Мақта матадан тiгiлген костюм дана 1 1 1 1
5 Спорттық костюм дана 1 1 1 1
6 Шалбар немесе джинсы дана 3/4* 1 4 1
7 Көйлек, сарафан немесе халат дана 3/4* 1 4 1
8 Жүн матадан тiгiлген юбка дана 1 2 1 2
9 Мақта матадан тiгiлген юбка дана 3/4* 1 2 1
10 Мақта матадан тiгiлген блузка дана 2 1 2 1
11 Свитер, жекет, жемпiр, кофта немесе трикотаж жаймадан тiгiлген желет дана 1 2 4 2
12 Трико дана 2 1 2 1
13 Футболка дана 3 1 3 1
14 Мақта матадан тiгiлген кеудеге киетiн жейде дана 3/4* 1 3/4** 1
Іш киім
15 Трусы немесе панталон дана 6/4* 1 4/8** 1
16 Түнде киетiн жейде немесе пижама дана 2/3* 1 2/3** 1
17 Майка дана 2 1 3 1
18 Мақта матадан және иiлiмдi трикотаж жаймадан тiгiлген киiм-кешек бұйымы (бюстгальтер) дана 2 1 4 1
19 Кальсондар дана 2 1
20 Гамаштар дана 1 1 1 1
Орамал-шарф бұйымдары мен бас киiмдер
21 Шарф дана 1 1 1 1
22 Бөрiк немесе берет дана 1 2 2 2
23 Панама, фуражка немесе кепкалар дана 1 1 1 1
24 Әйелдердiң бас орамалы дана 1 1 1 1
25 Тақия дана 1 2
26 Қолғап немесе биялай дана 1 1 1 1
27 Жүн орамал (жартылай жүн) дана 1 1
28 Тоқыма шапка дана 1 1 1 1
Носки-шұлық бұйымдары
29 Колготки дана 6 1 6 1
30 Шұлық дана 12 1
31 Носки дана 6/12* 1 12/10** 1
32 Гольфы дана 3 1
Аяқ киім
33 Қысқы етiк немесе киiзден тiгiлген аяқ киiм дана 1 1 2 3
34 Пима дана 1 1 1 1
35 Маусымдық етiк дана 1 1 1 2
36 Қысқа етiк дана 1 1 1 2
37 Бәтеңке немесе туфли дана 1 1 1 1
38 Қысқа бәтеңке дана 1 1 1 1
39 Жалаңаяқ киетiн аяқ киiм немесе сандали дана 2 1 1 1
40 Спорттық аяқ киiм дана 1 1 1 1
41 Бөлмеде киетiн тәпiшке дана 3/4* 1 4 1
42 Сланцы дана 1 1 2 1

Ескертпе:
1) * 6, 7, 9, 14, 15, 16, 31, 41-тармақтардағы бiрiншi сан – он төрт жасқа дейiнгi балаларға арналған кию нормасын, екiншi сан – он төрттен он сегіз жасқа дейiнгі балаларға арналған кию нормасын көрсетеді;
2) ** 14, 15, 16, 31-тармақтарда ересектерге арналған бiрiншi сан – еркектерге арналған кию нормасын, екiншi сан – әйелдерге арналған кию нормасын көрсетедi.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына 7-қосымша

   Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан
адамдарды стационарлық үлгiдегi ұйымдарда оқыту ұзақтығы

Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне қарай құрылады:
балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;
әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейiн;
әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейiн;
әлеуметтiк дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметiнің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзiрленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткiзіледi.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 165 бұйрығына 2-қосымша

   Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты

  1. Жалпы ережелер
  2. Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
    2. Осы стандарт тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның жұмыс істеу тәртібін, мыналарға:
    1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар);
    2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
    3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
    4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – мүгедектер);
    5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.
    Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызмет алушылар деп аталады.
    3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар деп қызмет алушыларды ұйымда тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуына арналған күндіз болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) танылады.
    4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер сақтайды.
    5. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым:
    1) мыналардың:
    жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде тиісті мамандырылған мектеп интернаттардың көмекші сыныптарында оқуға қиындық туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) болуы;
    ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
    бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың;
    Балалардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына медициналық қарсы көрсетілімдер:
    жеке адам дефектісі айқын білінбейтін өнімді симптоматикалы шизофренияның;
    жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім эпилепсияның;
    кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;
    бала мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;
    белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі – ЖИТС);
    мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады;
    2) мыналардың:
    жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) болуы;
    ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
    жіті психотикалық симптоматиканың болмауымен, жарыместігінің немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
    жарыместік белгілері бар бас-ми жарақаттары;
    жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және бас мидың басқа да инфекциялық және органикалық аурулары);
    айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
    айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік;
    жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар эпилепсияның түрлі нысандары салдарынан жартылай стационарлық үлгіде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж он сегіз жастан асқан адамдардың.
    Он сегіз жастан асқан адамдардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына медициналық қарсы көрсетілімдер:
    жіті және қатты сатыдағы психикалық аурулардың;
    созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;
    айқын білінетін психотикалық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда: мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өлшімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулардың;
    эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;
    тұрақты алкоголизмнің, нашақорлықтың, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;
    айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлердің, созылмалы реактивті жай-күйлердің;
    айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдардың, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының;
    белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, жыныстық жолмен берілетін аурулардың;
    мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.
    3) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің, оның ішінде бір жарым жастан ТҚА бұзылған балалардың (бұдан әрі – ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалар).
    ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына медициналық қарсы көрсетілімдер:
    психикалық аурулардың;
    ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
    жиі эпилептиформалық ұстамалардың (айына бес реттен артық);
    мінез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтарының;
    қайтымсыз гидроцефалияның;
    нашақорлық пен жіті психотикалық симптоматикалы алкоголизмнің;
    мінез-құлықтың психоұқсас түрлерінің болуы және (немесе) интеллектуалды-мнестикалық қабілетінің зақымдануы;
    белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
    мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады;
    4) мүгедектер және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар үшін тәуліктің күндізгі уақытында (күніне төрттен он сағатқа дейін), қажетіне қарай (қызмет алушы басқа елді мекенде тұрған жағдайда және/немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша) оңалту орталықтарында түнде болуын қамтамасыз ете отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.
    Мүгедектер мен қарттардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына:
    белсенді процесс сатысындағы туберкулездің;
    психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, ақыл-ес кемістігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
    карантиндік инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.
    6. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
    7. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар:
    1) күндіз болу бөлімшелері (орталықтары);
    2) мүгедектерге және (немесе) мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы;
    3) мүгедектер мен қарттарға арналған аумақтық орталық;
    4) күндіз болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.
  3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның міндеттері мен функциялары
  4. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның негізгі міндеттері:
    1) осы стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
    2) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
    3) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.
    9. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның негізгі функциялары мыналар:
    1) қызмет алушыларды қабылдау және олардың сырқатын, жай-күйінің ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу жөнінде іс-шаралар өткізу;
    2) қызмет алушылардың жеке басына қол сұғылмаушылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасау;
    4) қызмет алушыларға осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;
    5) мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу;
    6) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
    7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
    8) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
    9) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.
  5. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау шарттары
  6. Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға жіберуді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арқылы жүзеге асырады.
    11. Арнаулы әлеуметтік қызмет бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
    12. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
    1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
    2) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    3) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
    4) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
    5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);
    6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
    7) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);
    8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
    Аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар) жергілікті атқарушы органы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешім шығарғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға жолдама беру туралы сұрау салу жолдайды. Уәкілетті орган жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға жолдама беру туралы сұрау салуды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда кезектілік болмаған жағдайда жолдама не кезекке қою туралы хабарлама жібереді.
    Егер кезекке қою туралы хабарлама берілген күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда жолдаманы ресімдеу кезінде аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы алушыны қайтадан медициналық тексеріп-қараудан өту қажеттігі және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсыну туралы хабардар етеді. Қызмет алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның арнацлы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызмет алушы онда медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екені туралы куәландыратын осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
    Уәкілетті органнан жолдама алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:
    1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;
    2) уәкілетті органның жолдамасы (арнаулы әлеуметтік қызметтерді бюджет қаражаты есебінен ұсынған кезде);
    3) қызмет алушының ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
    5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
    6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);
    7) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);
    8) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
    9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
    13. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.
  7. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болудың шарттары
  8. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздігіне, оның ішінде өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
    15. Құрылтайшы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның қазіргі заманғы техникамен жабдықталуын қамтамасыз етеді.
    16. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның ғимараты құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес онда болу ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталған.
    Болу шарттары қызмет алушылардың жоғары белсенділігі мен әлеуметтенуіне септігін тигізеді.
    17. Егер жартылай стационарлық үлгідегі ұйым стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылса, онда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның қызмет алушыларына ғимаратқа жеке есіктен кіруге және бөлек болуға жағдай жасалады.
    18. Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, оңалту жөніндегі іс-шаралар олардың денсаулық жағдайын, жасын, жеке даму деңгейін, әлеуметтендіру, оңалтудың жеке бағдарламасының (болған жағдайда) мазмұнын ескере отырып жүзеге асырылады.
    19. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болу тәртібі жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін ішкі тәртіп ережесінде айқындалады.
    20. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның жұмыс режимін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы құрылтайшымен немесе уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті жағдайларды ескере отырып белгілейді.
    21. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызмет күн сайын (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) көрсетіледі.
    Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келуді есепке алу журналын жүргізеді.
    22. Уақытша болуға арналған оңалту орталықтарында оңалту іс-шараларын үздіксіз жүргізу мақсатында басқа қаладан келген қызмет алушылардың және/немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша түнде болуына жағдай жасалады.
  9. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке
    қажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу
  10. Арнаулы әлеуметтік қызметтің қажеттілігін (түрлері мен көлемін) әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, педагогтар мен жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басқа да мамандары (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары) айқындайды. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штаттық нормативтері бюджет қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, осы стандартқа 4-қосымшада белгіленген жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері сақтала отырып қалыптастырылады.
    24. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, ұзақ уақыт болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын әрбір қызмет алушыға бір жылдан аспайтын мерзімге, ал уақытша болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын қызмет алушыларға болу кезеңдегі мерзімге осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспарлар (бұдан әрі – жеке жоспар) әзірлейді.
    25. Қызмет алушылардың жеке жоспарлары қызмет алушыларды жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары бақылағаннан кейін стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір күн ішінде әзірленеді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.
    26. Жеке жоспарда көрсетілген іс-шараларды жартылай стационарлы үлгідегі ұйымның мамандары жеке жоспарда белгіленген мерзімде іске асырады.
    27. Қызмет алушының жай-күйіндегі өзгерістерді жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) тексереді.
    28. Өткізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспардың (мониторингтің) орындалуы жөніндегі журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі – журнал/электрондық картотека) көрсетеді. Журнал/электрондық картотека әрбір қызмет алушыға жеке жүргізіледі.
    29. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары мониторинг қорытындылары бойынша қызмет алушылардың жеке жоспарларын қажетіне қарай түзетеді.
    30. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзірлеу жөнінде жұмыстарды үйлестіреді, сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
    31. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың жұмыс сапасын:
    1) жеке даму деңгейі жоғарылаған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың;
    2) білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалардың;
    3) қоғамға кіріктірілген ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың;
    4) әлеуметтенген және өздігінен өмір сүруге бейімделген қызмет алушылардың санының көбеюі бойынша жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы немесе уәкілетті орган бағалайды.
    32. Жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қажетті мамандар болмаған жағдайда, шарт негізінде басқа ұйымдардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.
    33. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның әрбір маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.
    Оңалту іс-шараларының нәтижелері тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгіленіп отырады.
    34. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігі жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттерін сапалы орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.
  11. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
  12. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметке мыналар:
    1) денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету;
    2) жиһазбен және (немесе) тұрмысқа бейімдеуді, оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға арналған мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
    3) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса алғанда, тамақ ұсыну;
    4) осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес көзделген кем емес көлемде жұмсақ мүкәммал (төсек-орын жабдықтарын) ұсыну;
    5) қызмет алушыларды үйден жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға дейін және кері бағытта, сондай-ақ емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну;
    6) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болу жағдайларын қолдау жөнінде қызметтер көрсету жатады.
    36. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) берілетін орынжайлар көлемі және басқа да көрсеткіштері (ғимарат пен орынжайдың жағдайы, олардың жайлылығы) бойынша санитарлық гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді және қызмет алушылардың болуына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
    Барлық қызметтік және өндірістік орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап береді, телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі және қызмет алушыларға олардың талабы бойынша беріледі. Орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әртүрлі факторлардың әсерінен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дірілден және басқа да қолайсыз жағдайлардан) қорғалады.
    Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметтерін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылған орынжайлар көлемі, орналасқан жері және конфигурациясы бойынша қызмет алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
    2) ұйым мамандарының кабинеті қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады;
    әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
    3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келеді;
    4) қызмет алушыларға берілетін жиһаз бен төсек-орын жабдықтары қызмет алушылардың физикалық жай-күйін және жасын ескере отырып таңдалып, қазіргі заманғы дизайн талаптарына жауап береді;
    5) 4 сағаттан асатын режимде жұмыс істейтін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда сапалы тағамдардан әзірленетін, теңгерімділік пен калориялық талаптарына жауап беретін, санитарлық гигиеналық талаптарға сәйкес келетін, қызмет алушының денсаулық жағдайы ескеріліп ұсынылатын ыстық, оның ішінде диеталық тағамдар беріледі.
    Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді бекітеді.
    6) денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету, олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етеді (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);
    7) жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қол шеберлігі және қолынан келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін қызмет алушының сырқатының және/немесе мүгедектігінің сипаты, физикалық жай-күйі ескеріліп тиісті жағдай жасалады және тәрбиелеу әрі оқыту процесінде оларға қажетті жайлылықты қамтамасыз етеді;
    8) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзірлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлмені/орынжайды күту және өзге де дағдылар) негіздеріне үйрету үшін қажетті техникамен және жиһазбен жабдықталған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеттері жасалады;
    9) қызмет алушыларды емдеу, үйрету, мәдени іс-шараларға қатыстыру үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады.
    37. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметке мыналар жатады:
    1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет кезінде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
    2) дәрігерге дейін көмек көрсету;
    3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
    4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
    5) емдеуші дәрігердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
    6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық курорттық емделумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуде жәрдемдесу;
    7) қызмет алушыларды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен пайдалануға үйрету;
    8) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездеу көмегін алуға жәрдемдесу;
    9) әлеуметтік-медициналық мәселелер, оның ішінде жасына байланысты бейімделу мәселесі жөнінде консультация беру;
    10) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
    11) денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді) жүргізу;
    12) емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету;
    13) кезеңдік медициналық-әлеуметтік зерттеп тексеру (қажет кезінде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып), оңалтудың медициналық бөлігінің жеке жоспарын әзірлеу және дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу;
    14) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып күтім көрсетуді қамтамасыз ету;
    15) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастыру;
    16) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмексіз терапия қызметтерін жүргізу;
    17) ТҚА бұзылған балаларға және мүгедектерге дене жаттығуларын орындауда көмек көрсету.
    38. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетілімдерін, физикалық және писхикалық жай-күйін ескеріп, қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
    2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
    3) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы көрсетіледі және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
    4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және басқа да проблемалар) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
    Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталған және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
    5) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру қамқорлықтағы адамның соматикалық жай-күйін, оның жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жүргізіледі;
    6) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
    7) оңалту іс-шараларын жүргізу қызмет алушының денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады, ол үшін оңтайлы әлеуметтік ортаға бағдарлауға және әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеуге бағытталған медициналық іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді;
    8) емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек қызмет алушылардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
    9) протездік-ортопедиялық көмекті және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды алуға жәрдемдесу қызмет алушының практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
    10) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
    11) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызмет алушының денсаулық жағдайын ескере отырып күтім көрсетуді қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулық жағдайын күн сайын қадағалау (дене қызуын, қан қысымын өлшеу және басқа да рәсімдер), емдеу дәрігерінің тағайындауына сәйкес дәрілер беру, қызмет алушылардың жүріп-тұруына (қажетіне қарай) және басқа да қызметіне көмек көрсету сияқты қызметті қамтиды;
    12) денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді) жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтірмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылуға тиіс;
    13) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардағы ауруларды уақытылы алдын алуға және жоюға мүмкіндік туғызады;
    14) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруге жәрдемдесуі қызмет алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.
    39. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметке мыналар жатады:
    1) психологиялық диагностика және адамды зерттеп тексеру;
    2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі байқау);
    3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу;
    4) психологиялық консультация беру;
    5) шұғыл психологиялық көмек (оның ішінде телефон арқылы);
    6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру;
    7) психологиялық тренинг;
    8) қызмет алушыларды психологиялық түзеу;
    9) қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және жою үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету.
    40. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) психологиялық консультация беру жанжалдың алдын алу және жою үшін қызмет алушыға ішкі ресурстарын ашу, тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
    Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау, негізінде оған ішкі ресурстарды ашуға, жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
    2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуға, олардың стреске төзімділігін арттыруға және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;
    3) қызмет алушының психологиялық диагностикасы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
    Психодиагностика қызмет алушының мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін оның психикалық жай-күйін және қызмет алушылардың жеке тұлғалық ерекшелігін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;
    4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қамқорлықтағы адамдардың жүріс-тұрысындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
    5) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарға әлеуметтік бағалы нормаларына дағдыландыруда, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
    6) шұғыл психологиялық көмек: қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
    7) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі байқау негізінде психикалық қолайсыздық жағдайын және тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжалды және қызмет алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын басқа да жағдайларды уақытында анықтауды әрі оларға сол кезде қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    8) психологиялық алдын алу жұмыстары мүгедектер мен қарттарда психологиялық білімін және оларды өзін түзеу және өзінің проблемаларын шешуде пайдалану ықыласын қалыптастыруға, әрбір жас кезеңінде жеке басын психикалық дамыту үшін жағдайлар жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзушылықтарды уақытында алдын алуға мүмкіндік туғызады;
    9) қызмет алушылардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету отбасында қызмет алушының денсаулығы мен психикасына кері әсер ететін жанжалдардың және стресс жағдайларын алдын алуға бағытталған.
    41. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметке мыналар жатады:
    1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
    2) балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттеріне сәйкес арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
    3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жәрдемдесу;
    4) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне және қол еңбегі машығына үйрету;
    5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы өзін ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
    6) педагогикалық диагностика және тұлғалық, баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланы және он сегіз жастан асқан адамның даму деңгейіне зерттеу жүргізу;
    7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзеу;
    8) балаларды, олардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттерін ескере отырып, арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру;
    9) есту қабілетінің бұзылушылығы бар балалар мен мүгедектерді, сондай-ақ олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдарды ымдау тіліне үйретуді ұйымдастыру;
    10) ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер.
    42. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    2) педагогикалық диагностика және тұлғалық зерттеу заманауи аспаптарды, аппаратураларды, тестілерді пайдаланып жүргізеді және балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың жеке басын жан-жақты зерттеу негізінде күйзеліс немесе жанжалдық жағдайға ұшыраған қызмет алушыға белгіленген диагнозға сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсету, балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын айқындау, олардың бейімділігін зерттеу және т.б. үшін жай-күйінің объективті бағасын береді;
    3) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
    Сондай-ақ, жеке қажеттіктер негізінде әзірленетін авторлық бағдарламалар (үлгілер) бойынша қызмет алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтер жіберіледі.
    Авторлық бағдарламалар (үлгілер) сол немесе өзге қызмет алушыны тәрбиелеу дағдыларын немесе оқу материалдарын қабылдау және игеру қабілетін ескере отырып жасалады;
    4) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргізу үшін балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшеліктерін (бір жарым жастан бес жасқа дейін, алты жастан сегіз жасқа дейін, тоғыз жастан он үш жасқа дейін, он төрт жастан он сегіз жасқа дейін, он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін және қажетіне қарай одан жоғары), әлеуметтік дағдыларын, когнитивтік дағдыларын ескеріп, толықтыра отырып топтарға бөлу жүргізіледі:
    өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болмаған жағдайда – алты адамнан асырмай;
    қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған жағдайда – сегіз адамнан асырмай;
    қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда – он адамнан асырмай;
    қалыптасқан қолмен жұмыс істей алу дағдылары болған жағдайда – он екі адамнан асырмай таратып бөлу (еңбек бағдарын беру бағдарламасын іске асыруға арналған топ алты адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді).
    Арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсізденуін, білім деңгейін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп оқытуды ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсетуді қамтиды;
    5) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету көрнекі және тиімді болып табылады, оның нәтижелері бойынша қызмет алушылар тамақ пісіру, киім жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде игереді;
    6) педагогикалық түзеу ата-аналарға жіберген педагогикалық қателерін немесе отбасында балаларды, ТҚА бұзылған балаларды жаралайтын жанжал жағдайын жоюға және түзетуге, сондай-ақ ата-аналардың барабар емес нұсқамаларын және балаларды тәрбиелеу кезіндегі мінез-құлқын түзетуде білікті және тиімді педагогикалық көмек көрсетуді (әңгімелесу, түсіндіру, ұсынымдар және т.б. түрінде) қамтамасыз етеді;
    7) ымдау тілін үйретуге жәрдемдесу және ымдау тіліне аудару қызметтері қызмет алушылардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйым мамандарымен өзара байланысын белгілеуге ықпал етеді.
    8) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардың балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға сабақ өткізу ұзақтығы осы стандартқа 8-қосымшада көрсетілген.
    43. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда он сегіз жастан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметке мыналар жатады:
    1) қызмет алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу;
    2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу;
    3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
    4) мүгедектерді кәсіптік оңалту;
    5) бейін бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
    6) қарт адамдарда және он сегіз жастан адамдарда жоғалтқан тұрмыстық дағдыларын қайта қалпына келтіру жөніндегі қызметтер;
    7) жеке дене және ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес кәсіп алуға жәрдемдесу.
    44. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектерге және қарттарға жеке қажеттіліктерінің негізінде қызмет алушылардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызатын қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;
    2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп, оларды тіршілік-тынысының түрлі нысандарына қатыстыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді;
    3) мүгедектерді кәсіптік оңалту арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп, оларды тіршілік-тынысының түрлі нысандарына қатыстыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді;
    4) он сегіз жастан асқан адамдарда, мүгедектерде шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін сондай-ақ қарт адамдарда және он сегіз жастан асқан адамдарда жоғалтқан тұрмыстық дағдыларды қайта қалпына келтіру үшін фронтальді және жеке сабақтар ұйымдастырылады;
    5) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру бойынша іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
    6) мүгедектерді кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын қалпына келтіруге және жаңа кәсіптерді игеруіне барынша мүмкіндік туғызады;
    7) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен ілеседі;
    8) кәсіп алуға жәрдемдесу кезінде қызмет алушының жеке физикалық және ақыл-ой қабілеттері, оның таңдаған кәсібі бойынша жұмыс істеу ықыласы ескеріледі;
    9) қызмет алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктері, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесі, психикалық және физикалық жай-күйі ескеріліп жүргізіледі.
    45. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметке мыналар жатады:
    1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
    2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
    3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту (экскурсияларды ұйымдастыру, театрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да іс-шаралар).
    46. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шаралары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
    2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, қарым-қатынас аясының кеңеюіне бағытталған;
    3) қызмет алушыларды концерттердің бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге қатыстыру қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік туғызады;
    4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру жартылай стационарлық үлгідегі ұйым ұжымының қоғамдық өміріне қатысу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды дұрыстауға мүмкіндік туғызады.
    47. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметке мыналар жатады:
    1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;
    2) қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру.
    48. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) қызмет алушыларға жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу қызмет алушылар үшін мүдделі мәселелерді шешуде уақытылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    2) өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беру қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасылық кәсіпкерлікті, үй кәсіпшілігін дамытуда олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді және өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде білікті көмек көрсетеді.
    49. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметке мыналар:
    1) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру мен көмек құқықтарымен байланысты мәселелер жөнінде заңгерлік консультация беру;
    2) заңды маңызы бар құжаттарды рәсімдеуге көмектесу;
    3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету;
    4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
    5) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
    6) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу жатады.
    50. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіру береді;
    2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар және басқа мәселелер жөнінде) жөнінде консультация беру олар білгісі келетін заңнама актілері және көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініштер, арыздар, анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
    3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға көмектесуге негізделеді;
    4) құжаттарды (жеке басын куәландыру, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді алуға, бала асырап алуға және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды отбасылық тәрбиелеудің басқа нысандары, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін және т.б.) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету қызмет алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;
    5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызмет алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді;
    6) отбасында қызмет алушыға немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің құқын қорғау және кінәлілерді жазалау мақсатында сот процесіне қатысуға негізделеді.
  13. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру шарттары
  14. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату:
    1) қызмет алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және Кодекске сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) жазбаша өтініші;
    2) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
    3) стационарлық жағдайда немесе үйде арнаулы қызмет көрсетілген кезде;
    4) қызмет алушы ішкі тәртіп ережесін бұзған кезде;
    5) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шартты бұзған жағдайда;
    6) қызмет алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.
    52. Қызмет алушылардың жазбаша өтініші бойынша, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және Кодекске сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) жазбаша өтініші бойынша және уәкілетті органның келісімі бойынша қызмет алушыларды бюджет қаражаты есебінен ұсталатын жартылай стационарлық үлгідегі бір ұйымнан басқасына ауыстыру бір елді мекен шегінде жүзеге асырылады. Уәкілетті орган қызмет алушыны ауыстыру жүзеге асырылатын ұйымда бос орындар болған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органынан сұрау салу келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ауыстыруға келісім береді.
    53. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру осы стандарттың 3-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
    Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету 51-тармақтың 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметті көрсетуді қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тоқтатылғаннан кейін бір күнтізбелік жыл асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
    54. Қызмет алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету тоқтатыла тұрады.
    Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың жоқтығын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
    55. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
    56. Бұл ретте міндетті түрде шығару эпикризі, жартылай стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, ол қызмет алушының не оның заңды өкілінің қолына беріледі.
  15. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды басқару
  16. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы басқарады.
    58. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі бөлімшені уәкілетті органның немесе құрылтайшының келісімі бойынша осы заңды тұлғаның директоры лауазымға тағайындайтын және босататын меңгеруші басқарады.
    59. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штат нормативтерін уәкілетті орган немесе құрылтайшы осы стандартқа 4-қосымшада көзделген нормативтерді сақтау арқылы бюджет қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып бекітеді.
    60. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысында сақталады және қызмет алушылар мен олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша беріледі.
    61. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұйым басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және/немесе құрылтайшы – ай сайын қарайды.
    62. Жартылай стационарлық ұйымның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды қоспағанда) заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша

Нысан

Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысы
_____________________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым басшысының Т.А.Ә.)

   ӨТІНІШ

_____ жылы «___»__________ туған, ___________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге
мұқтаж болғандықтан _________________________________________________
(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)
күндіз болуға қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1) _______________________ 2) _______________________
3) _______________________ 4) _______________________
5) _______________________ 6) _______________________
7) _______________________ 8) _______________________
9) _______________________ 10) ______________________

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдаудың, онда
болудың, одан шығарып тастау және шығудың шарттарымен және ішкі
тәртіп ережелерімен таныстым.

20 ___ жылғы «___»_________ _________________________________________
(Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)

Құжаттарды қабылдаған __________________ 20 __ жылғы «___»___________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
2-қосымша

Нысан

   МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
_____________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні «____»_________ _____ жыл
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,
азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа) _______________________________
Медициналық тексеру:
(негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар
туралы мәліметтерді көрсету қажет)
хирург ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
невропатолог ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
психиатр ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
окулист _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
отоларинголог _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
дерматовенеролог ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
фтизиатр_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
терапевт/педиатр_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________
_____________________________________________________________________
Көрсеткіштер бойынша:
стоматолог __________________________________________________________
эндокринолог ________________________________________________________
кардиолог ___________________________________________________________
ортопед _____________________________________________________________
нарколог ____________________________________________________________
онколог _____________________________________________________________
гинеколог ___________________________________________________________

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:
қанның жалпы анализі_________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
зәрдің жалпы анализі ________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу
_____________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу
_____________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)

психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:
АИТВ инфекциясына қанның анализі ____________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
сифилиске қанның анализі ____________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
әйелдердің қынап жағындысы __________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
ерлердің уретральды жағындысы _______________________________________
(мерзімі, нәтижесі)

Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

М.О.
Медициналық ұйымның басшысы: __________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
20___ жылғы «___»___________

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
3-қосымша

Нысан

_____________________________________________________________________
(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)

   Ұйымға келуді есепке алу журналы

Қызмет алушы адамның Т.А.Ә. Мерзімі
(күні, айы)
Тақырыбы Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның Т.А.Ә. мен қолы
1 2 3 4 5

Ескертпе: Журнал күнтізбелік жылға арналады және нөмірленген,
тігілген және мөрмен бекітілген болуға тиіс.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
4-қосымша

   Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың
ең аз штаттық нормативтері

Лауазым атауы Бір күнде келу саны
50-ге дейін 50-100 101-150 151-200 201-ден астам
Басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналдың штаттық нормативтері
1 Директор мекемеге 1 бірлік
2 Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары мекемеге 1 бірлік
3 Медициналық бөлімнің меңгерушісі (6 кем емес дәрігерлік лауазым жағдайында) мекемеге 1 бірлік
4 Бас бухгалтер мекемеге 1 бірлік
5 Бухгалтер мекемеге 1 бірлік
6 Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер мекемеге 1 бірлік
7 Шаруашылық меңгерушiсi мекемеге 1 бірлік
8 Кадр жөніндегі инспектор 0,5 1 1 1 1
9 Хатшы-машинистка (референт) 0,5 1 1 1 1
10 Вахтер мекемеге 1 бірлік
11 Лифтер (лифт болса) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 9 бұйрығымен бекітілген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9739 болып тiркелген, барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес (бұдан әрі – еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтер)
12 Күзетші мекемеге 4 бірлік
13 Жүргізуші 1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік
14 Тракторшы (трактор болса) 1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік
15 Бақшашы (тазаланатын алаң 0,75 га кем емес) мекемеге 1 бірлік
16 Аула сыпырушы еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
17 Слесарь-сантехник еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
18 Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтер еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
19 Электр-газ дәнекерлеуші еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
20 Қосалқы жұмысшы еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
21 Ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (ағаш ұстасы, ағаш шебері) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
22 Газ тектес, сұйық және қатты отынмен жанатын, электрмен ысып істейтін қазандықтарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
23 Қазылған орлардан қатты шөгінділерден болған қоқысты шығару жөніндегі тасушы 4 бірлік кәріз болмаған жағдайда және егер қазылған орларды тазарту орталықтанған тәртіпте жүргізілмесе
24 Су сорғы станциясының машинисі (моторшысы) мекемеге 1 бірлік
25 Дезинфектор 0,5 0,5 1 1 1,5
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
26 Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман 1,5 2,5 3,5 4,5 5,5
Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі персоналдық штаттық нормативтері
27 Бас аспазшы** 1 1
28 Аспазшы ** 1 2 3 4 5
29 Ыдыс-аяқ жуушы** 1 1 1 1 1
30 Көкөніс және картоп тазалаушы ** 1 1 2 2 3
31 Нан кесуші, асхана жұмысшысы** 0,5 1 1 1
32 Буфетші 50 қызмет алушыға 1 бірлік
33 Шаруашылық бикесі мекемеге 1 бірлік
34 Арнайы киім мен іш киім жуатын машинист 1 1 1,5 1,5 2
35 Палаталық санитар 1,2 20 қызмет алушыға 1 бірлік
36 Палаталық санитар 3,4 50 қызмет алушыға 1 бірлік
37 Санитар (-тазалаушы) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
38 Педиатр дәрігер 1, 2 1 1 1,5 2 2
39 Терапевт дәрігер3, 4 1 1 1,5 1,5 1,5
40 Невропатолог дәрігер 1 1 1,5 1,5 1,5
41 Психиатр дәрігер (психотерапевт) 1, 3 1 1 1,5 2 2
42 Травматолог-ортопед дәрігер 2, 4 0,5 0,5 1 1 1
43 Дәрігер *** мекемеге 1 бірлік
44 Диеталық тамақ жөніндегі мейірбике ** мекемеге 1 бірлік
45 ЕДШК нұсқаушысы тірек-қимыл аппараттары бұзылуының ауыр түріне қызмет алушы 20 адамға немесе тірек-қимыл аппараттары функцияларының орташа бұзылуына байланысты қызмет алушы 40 адамға 1 бірлік, бірақ ЕДШК бір кабинетіне 2 бірліктен көп емес
46 Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы 2, 4 мекемеге 1 бірлік (тиісті жағдай болғанда)
47 Жүзу (гидрокинезотерапия) жөніндегі нұсқаушы 2, 4 мекемеге 1 бірлік (бассейн болғанда)
48 Аға мейірбике мекемеге 1 бірлік
49 Мейірбике 1 2 3 4 5
50 Массаж жасау жөнiндегi мейiрбике 1 1 1 2 2
Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
51 Психолог 1 1 1,5 2 2
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтеріӘлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
52 Әдіскер 1, 2 мекемеге 1 бірлік
53 Тәрбиеші 1, 2 оқу тобына 1,5 бірліктен ****
54 Логопед 1, 2 1 1 1,5 2 2
55 Дефектолог мұғалім 1, 3 оқу тобына 1 бірлік ****
56 Музыка мұғалімі1,2,3 мекемеге 1 бірлік
57 Дене шынықтыру мұғалімі1,2,3 мекемеге 1 бірлік
58 Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы (еңбекке оқыту мұғалімі)1, 2 оқу тобына 1 бірлік ***
Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
59 Еңбек терапиясы инспекторы 3, 4 1 бейінге 1 бірлік (бейін кемінде 6 қызмет алушыны оқытқанда қалыптастырылады)
Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
60 Мәдени ұйымдастырушы мекемеге 1 бірлік
61 Музыкалық жетекші 4 мекемеге 1 бірлік
62 Кітапханашы (кітапхана, лекотека болғанда) 0,5 1 1 1 1
Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
63 Заңгер мекемеге 1 бірлік

Ескертпе:
1) 1 – психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
2 – ТҚА бұзылған балаларға арналған жартылай стационарлық ұйымдарға енгізіледі;
3 – психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан адамдарға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
4 – қарттар мен мүгедектерге арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
2) * – дербес заңды тұлға болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар үшін көзделген басшы қызметкерлердің және шаруашылық-қызмет көрсетуші персоналдың штат нормативтері;
3) ** (27 – 31, 43-тармақтар) – бұл лауазымдар ыстық тамақ даярлаған жағдайда көзделеді;
4) *** (42-тармақ) – бұл лауазымға қызмет алушылардың ауру сипатын ескере отырып, қажеттігіне қарай кез келген дәрігерді қабылдауға болады;
5) **** (52, 54, 57-тармақтар) – оқу топтары осы бұйрықпен бекітілген жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттарын белгілейтін халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының 35-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қалыптасады;
6) жабдықталған мамандандырылған кабинеттер болғанда ең төмен штат нормативіне енгізілмеген тиісті мамандар қабылданады, алайда бір кабинетке 2 маманнан артық емес;
7) қажет болғанда белгіленген лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастырады;
8) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда тәуліктік болу бөлімшесі жұмыс істеген кезде түнгі кезекшілікке қажетті лауазымдар стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең төмен штат нормативтеріне сәйкес айқындалады;
9) басшы қызметкерлерді және шаруашылық-қызмет көрсетуші персоналды ұстау бойынша шығыстар 1 бірлік қызметтің құнын есептеуге қосылмаған;
10) жартылай стационарлық үлгідегі мекемелерде қызметтік автокөлік құралдары лимиті бір жеңіл және екі санитарлық автомобиль, ал қызмет алушыларды тасымалдау жөнінде көлік қызметі көрсетілген кезде қосымша – бір жолаушылар автобусы көлемінде белгіленеді.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
5-қосымша

Нысан

Бекітемін:
__________________________________
(жартылай стационарлық үлгідегі
ұйым басшысының Т.А.Ә. және қолы)
20___ жылғы «___» ________________

________________________________________________________________
(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)

Жеке жұмыс жоспары

Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні және жылы ________________________________________________
Диагнозы ____________________________________________________________
Жартылай стационарлық ұйымға түскен күні ____________________________
Қызмет алушыға __бастап __қоса алғанға дейін бақылау жүзеге асырылды
Жеке жұмыс жоспары _______ бастап _________ қоса алғанға дейінгі
кезеңге әзірленді

Қызмет алушының жеке қажеттілігіне сәйкес тағайындалған іс-шаралар
(көрсетілетін қызметтің түрлері мен көлемін көрсету):

Қызмет түрлері Қызмет көлемі
(жеке жүргізілетін іс-шаралардың атауы)
Тағайындауды жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы Тағайындау күні
1 әлеуметтік-тұрмыстық
2 әлеуметтік-медициналық
3 әлеуметтік-психологиялық
4 әлеуметтік-педагогикалық
5 әлеуметтік-еңбек
6 әлеуметтік-мәдени
7 әлеуметтік-экономикалық
8 әлеуметтік-құқықтық

Жеке жұмыс жоспарын қайта қарау күні 20 ___жылғы «___» ________
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман _________ ____________________
(қолы)     (Т.А.Ә., күні)

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
6-қосымша

Нысан

   Қызмет алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы (мониторингі)
жөніндегі журнал/электрондық картотека

Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні _______ жылғы «____» ______________
Диагнозы ____________________________________________________________
___ ______ бастап ___ _______ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке
жұмыс жоспарына мониторинг
Қызмет алушыны қадағалау кезеңі: __ ____ бастап __ ____ қоса алғанда

Қызмет алушының жай-күйі туралы белгі, оның ішінде Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызмет көрсетудің қандай түрі қайта қаралуға тиіс екенін көрсету) Мониторинг жүргізу күні Мониторингті жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы
оң өзгерістер бар (сипаттап беру)* өзгерістер жоқ немесе нашарлады
(себебін көрсету)
1 2 3 4 5 6
1
2
3
4
5
6
7
8

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ____________ _______________________
(қолы)       (Т.Ә.А., күні)

Ескертпе: * Қызмет алушының:
– соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;
– қимыл, сенсорлық, танымдық, тіл дамыту, коммуникативтік салаларында;
– өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастырудағы оң өзгерістері белгіленеді.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
7-қосымша

   Жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарға арналған жұмсақ
инвентарь, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең төмен
нормалары

Атауы Өлшем бiрлiгi Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға
Норма Мерзiмi (жыл) Норма Мерзiмi (жыл)
Төсек-орын жабдықтары
1 Ақ жайма дана 3 1 3 1
2 Сейсеп дана 3 1 3 1
3 Жастық тысы дана 4 1 4 1
4 Матрац (оның ішінде басылып қалмайтын матрац) дана 1 2 1 3/2**
5 Жастық дана 1 2 1 3
6 Көрпе дана 1 2 2 3
7 Жамылғы дана 1 4 1 4
8 Вафельді сүлгiлер дана 4 1 4 1
9 Түкті сүлгiлер дана 2 1 2 1

Ескертпе:
** 4-тармақтағы бірінші сан жалпы бөлім үшін, екінші сан – ауыр науқастар үшін пайдалану мерзімін көрсетеді.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
8-қосымша

   Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан
адамдарды жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарда оқыту
ұзақтығы

Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне қарай құрылады:
балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;
әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейiн;
әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейiн;
әлеуметтiк дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметiнің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзiрленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткiзіледi.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 165 бұйрығына 3-қосымша

   Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты

  1. Жалпы ережелер
  2. Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
    2. Осы стандарт қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттары мен тәртібінің көлемі мен талаптарын белгілейді, үйде қызмет көрсету ұйымының жұмыс істеу тәртібін, мыналарға:
    1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар);
    2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
    3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
    4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – мүгедектер);
    5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, тоқтату шарттарын айқындайды.
    Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
    3. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, өзге де үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған ұйымдар үйде қызмет көрсету ұйымдары (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы) болып танылады.
    4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілер сақтайды.
    5. Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер:
    1) мыналардың:
    жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының (мектеп интернаттардың) арнайы (көмекші) сыныптарында оқуға қиындық туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін); есту, көру, сөйлеу қабілеттерінің анық білінетін бұзушылықтарымен, тырысқақтық ұстамамен, мінез-құлқындағы ауытқушылықтармен асқынуы;
    ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
    бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
    2) өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсетудің бірінші және екінші деңгейде шектелуіне әкелген тірек-қимыл аппараты айқын немесе едәуір (өрескел) бұзылған мүгедек балаларға.
    Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға үйде қызмет көрсетуге:
    жеке адам дефектісі айқын білінбейтін өнімді симптоматикалы шизофренияның;
    кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;
    бала мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;
    белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі – ЖИТС);
    мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.
    3) мыналардың:
    жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін);
    ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ес кемістігі;
    жіті психотикалық симптоматика болмауымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
    жарыместік белгілері бар бас-ми жарақаттары;
    жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және бас мидың басқа да инфекциялық және органикалық аурулары);
    айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
    айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік аурулар;
    жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар эпилепсияның түрлі нысандары салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан адамдарға;
    Он сегіз жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсетуге:
    белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
    мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емделуді талап ететін басқа да аурулардың;
    жіті және қатты сатыдағы психикалық аурулардың;
    созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;
    айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өлшімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулардың;
    эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;
    тұрақты алкоголизмнің, нашақорлықтың, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;
    айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлердің, созылмалы реактивті жай-күйлердің;
    айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдардың, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады;
    4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерге;
    5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен және Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарт адамдарға тәуліктің күндізгі уақытында әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.
    Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсетуге:
    белсенді процесс сатысындағы туберкулездің;
    психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, ақыл-ес кемістігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
    карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.
    6. Үйде қызмет көрсету ұйымы заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оны құрылтайшысы құрады және өз қызметін құрылтайшы құжаттарға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
    7. Үйде қызмет көрсету ұйымдары:
    1) балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтері/бөлімшелері;
    2) мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтері/бөлімшелері;
    3) балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау қызметтері;
    4) үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.
  3. Үйде қызмет көрсету ұйымының міндеттері мен функциялары
  4. Үйде қызмет көрсету ұйымының негізгі міндеттері:
    1) осы стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес үйде қызмет көрсету жағдайында стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
    2) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
    3) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.
    9. Үйде қызмет көрсету ұйымының негізгі функциялары мыналар:
    1) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
    2) дағдыланған әлеуметтік ортада қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;
    3) қызмет алушыларға осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;
    4) үй жағдайында мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу;
    5) қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
    6) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
    7) үйде қызмет көрсету ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.
  5. Үйде қызмет көрсететін ұйымның арнаулы әлеуметтік
    қызмет көрсету шарттары
  6. Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін үйде қызмет көрсету ұйымына жіберуді қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
    11. Арнаулы әлеуметтік қызмет бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызмет көрсететін ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
    12. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
    1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және Кодекске сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
    2) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не село/ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);
    4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмелері (қарттар үшін талап етілмейді);
    5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);
    6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
    7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі;
    8) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
    9) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.
    Егер кезекке қою туралы хабарлама берілген күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда жолдаманы ресімдеу кезінде аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы алушыны қайтадан медициналық тексеріп-қараудан өту қажеттігі және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсыну туралы хабардар етеді. Қызмет алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның арнацлы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызмет алушы онда медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екені туралы куәландыратын осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
    Қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызмет көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:
    1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;
    2) уәкілетті органның жолдамасы (арнаулы әлеуметтік қызметтерді бюджет қаражаты есебінен ұсынған кезде);
    3) ЖСН-і бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не село/ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);
    5) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
    6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);
    7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
    8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі;
    9) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
    10) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.
    Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызмет көрсету ұйымына жіберу туралы талап тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткен жағдайларда қолданылмайды.
    13. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.
    14. Жазбаша өтінішті және осы стандарттың 12-тармағында көзделген басқа да құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барады және тұрғын үй және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін жасайды.
    Тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісі тексеру жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады.
    15. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және соларға теңестірілген адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бірінші кезекті тәртіппен көрсетіледі.
    16. Қызмет көрсетілетін қызмет алушыларды әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналына тіркейді.
    17. Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын балалар, ТҚА бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар, мүгедектер мен қарттар жеке адам ретінде есептеледі.
    18. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының жасы мен денсаулық жағдайы, оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайы және басқа да объективті факторлар ескеріледі.
  7. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке жеке
    қажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу
  8. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке қажеттілігін (түрлері мен көлемін) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер және басқа да үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы мамандары) айқындайды. Үйде қызмет көрсету ұйымы персоналының штаттық нормативтері бюджет қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, осы стандартқа 5-қосымшада белгіленген үйде қызмет көрсету ұйымдарындағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері сақтала отырып қалыптастырылады.
    20. Үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде әрбір қызмет алушыға бір жыл мерзімге осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспар (бұдан әрі – жеке жоспар) әзірлейді.
    21. Жеке жоспар қызмет алушылар үйде қызмет көрсету ұйымына есепке қабылданған күннен бастап оларды үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары тексергеннен кейін он жұмыс күні ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әзірленеді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырылады және үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы бекітеді.
    22. еке жоспарда көрсетілген оңалту іс-шараларын үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары жеке жоспарда белгіленген мерзімде іске асырады.
    23. Балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жай-күйіндегі өзгерістер тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) үйде қызмет көрсету ұйымының мамандарымен тексеру жүргізуге жатады.
    24. Жүргізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспардың орындалуы (мониторингі) жөніндегі журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі – журнал/электрондық картотека) көрсетеді. Журнал/электрондық картотека әрбір балаға, ТҚА бұзылған бала мен он сегіз жастан адамға жеке-жеке жүргізіледі.
    25. Үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажет болғанда балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жеке жоспарларын түзетеді.
    26. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзірлеу жөнінде жұмыстарды үйлестіреді, сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
    27. Үйде қызмет көрсету ұйымы мамандарының жұмыс сапасын:
    1) жеке даму деңгейі жоғарылаған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар;
    2) білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалар;
    3) өзін-өзі күту дағдылары қалыптасқан ТҚА бұзылған балалар санының өткен жылмен салыстырғанда көбеюі бойынша үйде қызмет көрсету ұйымы немесе уәкілетті органның басшысы бағалайды.
    28. Жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін үйде қызмет көрсету ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда шарт жасау негізінде басқа ұйымдардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.
    29. Үйде қызмет көрсету ұйымының әрбір маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.
    Оңалту іс-шараларының нәтижелері тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгіленіп отырады.
    30. Үйде қызмет көрсету ұйымының әкімшілігі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттерінің сапалы орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.
  9. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
  10. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
    1) денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
    2) қызмет алушылардың отбасы мүшелеріне жеке қызмет көрсетушінің және гигиеналық-санитарлық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету;
    3) қарттар мен мүгедектер үшін қосымша:
    үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру;
    хат жазу және оқуда көмек көрсету;
    ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беру;
    ас әзірлеуге көмектесу;
    пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу;
    киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды алып келу;
    кір жууға көмектесу;
    тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу;
    тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу;
    жерлеу қызметін ұйымдастыруға көмектесу (қайтыс болған қызмет алушының туыстары (заңды өкілдері) болмаған кезде) жатады.
    32. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) бақылау, төсек режиміндегі және денсаулық жағдайы бойынша өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етеді (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);
    2) үйден тыс бір елді мекен шегінде, оның ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау объектілеріне және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне барарда ілесіп жүру қызмет алушылардың жүріп-тұруы кезінде сақтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
    3) пеш жағуға, ағаш, көмір және су тасуға жәрдемдесу орталықтан жылытылмайтын және (немесе) сумен жабдықталмаған тұрғын үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектерге көрсетіледі.
    Бір келгенде 30 кг дейін ағаш пен көмір әкелінеді және 30 литрге дейін су тасылып, күл, су шығарылады.
    4) ыстық тамақ, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізу, ас әзірлеуге көмектесу, киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды қайтып әкелу, іш киімдерді және төсек-орындарды жууға көмектесу, тұрғын жайларды жөндеуді және жинауды ұйымдастыруға жәрдемдесу, тұрғын үй және коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу клиенттерге қалыпты өмір сүру жағдайын жасау мақсатында осы проблемаларды шешу үшін олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін толық және уақытында қанаттандыруды қамтамасыз етеді;
    5) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған қарттардың және мүгедектердің туыстары немесе олардың оны жерлеумен айналысуға құлқы болмаған кезде) қайтыс болған қызмет алушының діни нанымы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
    33. Үйде қызмет көрсету жағдайларында ұсынылатын әлеуметтік-медициналық қызметтерге:
    1) дәрігерге дейін көмек көрсету;
    2) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
    3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
    4) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
    5) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
    6) қызмет алушыларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
    7) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;
    8) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;
    9) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
    10) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер);
    11) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;
    12) үйге дәрігер шақырту және денсаулық ұйымдарында дейін қызмет алушыларға ілесіп жүру;
    13) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау;
    14) мүгедектер мен қарттарға санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
    15) оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу.
    34. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетілімдерін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп, қызметтердің уақытылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
    2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
    3) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақытылы болуға тиіс және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
    4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және басқа да проблемалар) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
    5) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
    6) дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қамқорлықтағы адамдардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
    7) протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
    8) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
    9) үйге дәрігер шақыру және қызмет алушыны денсаулық сақтау ұйымына апару қызметі уақытылы көрсетіледі, және де қызмет алушылардың жүріп-тұруы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
    10) отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту жүргізілетін үшін медициналық күтім негіздерін үйрету отбасы мүшелеріне қызмет алушыға өздігінше медициналық күтім көрсетуге бағытталған білімнің қажетті көлемін қамтамасыз етеді;
    11) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау қызмет алушыларды жүйелі бақылау негізінде қызмет алушылардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды уақытылы анықтауды қамтамасыз етеді және сол сәтте қажетті әлеуметтік-медициналық көмек көрсетеді;
    12) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жояды;
    14) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардағы аурулардың уақытылы алдын алуына және ауруларды жоюға мүмкіндік береді;
    15) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруге жәрдемдесуі қызмет алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етеді.
    35. Үйде қызмет көрсету жағдайларында ұсынылатын әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
    1) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
    2) қызмет алушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
    3) қолайлы психологиялық климат қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және жою үшін қызмет алушылармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету жатады.
    36. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі байқау негізінде психикалық қолайсыздық жағдайын және тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжалды және қызмет алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын басқа да жағдайларды уақытында анықтауды әрі оларға сол кезде қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігін арттыруды және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;
    3) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарға күтім көрсететін отбасы мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету отбасында қызмет алушылардың денсаулығы мен психикасына кері әсер ететін жанжалдардың және стресс жағдайларын алдын алуға бағытталуға тиіс.
    37. Үйде қызмет көрсету жағдайында балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:
    1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
    2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
    3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;
    4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі дағдыларының негіздеріне үйрету;
    5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
    6) балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жағдай жасау мәселелері жөнінде отбасы мүшелеріне консультация беру;
    7) кәсіптік білім алуына жәрдемдесу;
    8) ата-аналарына және отбасы мүшелеріне оларды үй жағдайында оңалтудың негіздерін үйрету;
    9) отбасы мүшелеріне балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға қажетті өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды үйрету жатады.
    38. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    2) балаларда, ТҚА бұзылған балаларда, он сегіз жастан асқан адамдарда өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша практикалық көмек көрсету олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсіздену дәрежесі, білім деңгейі, физикалық және психикалық жай-күйі ескеріліп жүзеге асырылады;
    3) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету көрнекі және тиімді болып табылады, оның нәтижесінде қызмет алушылар тамақ пісіру, киім жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде игереді;
    4) отбасы мүшелерін қызмет алушыларда қажетті өмірлік дағдыларды оңалту және қалыптастыру негіздеріне үйрету отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту іс-шараларын көрсетуге бағытталған білімдердің қажетті көлемін қамтамасыз етеді.
    Отбасы мүшелерін үйрету кезінде балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың жеке ерекшеліктері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің осы рәсімдерге дайындық дәрежесі ескеріледі;
    5) отбасы мүшелеріне балаларды мектепке дейін тәрбиелеу және олардың арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдайлар жасау мәселелері жөнінде консультация беру тәрбиелік жұмыстар мен оқытудың табысты және нәтижелі жүргізілуіне мүмкіндік береді;
    6) кәсіптік білім алуға жәрдемдесу ТҚА бұзылған балалардың жеке физикалық және ақыл-ой қабілетін, олардың таңдаған кәсіптері бойынша жұмыс істеуге ықыласын ескере отырып жүзеге асырылады.
    7) үйде қызмет көрсету жағдайларында балаларға, ТҚО бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға сабақ өткізу ұзақтығы осы стандартқа 6-қосышада көрсетілген.
    39. Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
    1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
    2) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру;
    3) мүгедектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жатады.
    40. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен жалғастырылады;
    2) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне үйдегі еңбекті ұйымдастыру мәселесі жөнінде консультация беру қызмет алушыларға өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде көмегін тигізеді;
    3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу кезінде қызмет алушының жеке физикалық және ақыл-ой қабілеттері, оның таңдаған кәсібі бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі ескеріледі.
    41. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
    1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
    2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
    3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) тарту жатады.
    42. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу медициналық-әлеуметтік ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша өткізіледі;
    2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, қарым-қатынас аясының кеңеюіне бағытталады;
    3) қызмет алушыларды концерттердің бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге қатыстыру қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді;
    4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру ұжымның қоғамдық өміріне қатысу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды дұрыстауға мүмкіндік береді.
    43. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
    1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;
    2) қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру жатады.
    44. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) қызмет алушыларға жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу қызмет алушылар үшін мүдделі мәселелерді шешуде уақытылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    2) өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беру қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасылық кәсіпкерлікті, үй кәсіпшілігін дамытуда олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді және өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде білікті көмек көрсетеді.
    45. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
    1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
    2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
    3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
    4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
    5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
    6) қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған дене және психологиялық зорлыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу;
    7) Кодекске сәйкес қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронатқа, қамқоршылыққа алуға жәрдемдесу.
    8) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға, сондай-ақ стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
    9) кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға балаларының, оның ішінде ТҚА бұзылған балалардың тәрбиесінен жалтарған ата-аналардың үстінен ұсынымдар ресімдеу;
    10) қызмет алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын құжат және заңды мәні бар басқа да құжаттар алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңгерлік көмек көрсетуге жәрдемдесу;
    11) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін заңгерлік көмегін алуға жәрдемдесу жатады.
    46. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіреді;
    2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар және басқа да мәселелер) жөнінде консультация беру олар білгісі келетін заңнама актілері және көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініштер, арыздар, анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
    3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға көмектесуге негізделеді;
    4) Кодекске сәйкес құжаттарды (жеке басын куәландыру, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді алуға, бала асырап алуға және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды отбасылық тәрбиелеудің басқа нысандары, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін және т.б.) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету қызмет алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;
    5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызмет алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді;
    6) отбасында қызмет алушыға немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің құқын қорғау және кінәлілерді жазалау мақсатында сот процесіне қатысуға негізделеді;
    7) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберу үшін балаларын, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларын тәрбиелеуден жалтарған ата-анаға ресімделген ұсынымдарда барлық қажетті материалдар болады және ата-аналарды жауапкершілікке тартумен, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты мәселелерді одан әрі тәжірибеде шешу үшін негіздеме болып табылады.
  11. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру шарттары
  12. Үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтатуға:
    1) қызмет алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – қызмет алушылардың заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және Кодекске сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) жазбаша өтініші;
    2) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
    3) стационарлық немесе жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген кезде;
    4) қызмет алушы басқа елді мекенге көшкен кезде;
    5) куәгерлердің жазбаша көрсеткіштерімен расталатын қызмет алушы немесе оның отбасы мүшелері тарапынан күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге негізсіз оның адами құндылықтарын кемсітетін сөздер айтылған және кінә тағылған кезде;
    6) ақылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы шарт бұзылған кезде;
    7) қызмет алушы қайтыс болған жағдайда;
    8) арнаулы әлеуметтік қызметтерді оңалту орталықтарында, білім беру жүйесінің күндіз болу қызметтерінде, бөлімшелерінде алған жағдайда жүзеге асырылады.
    48. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру осы стандарттың 3-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
    Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету осы стандарттың 47-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметті көрсетуді қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тоқтатылғаннан кейін бір күнтізбелік жыл асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
    49. Қызмет алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету тоқтатыла тұрады.
    Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың жоқтығын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
    50. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру үйде қызмет көрсету ұйымы басшысының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
    51. Бұл ретте міндетті түрде үйде қызмет көрсету ұйымы мамандарының ұсынымдары ресімделеді, ол қызмет алушының, не оның заңды өкілінің қолына беріледі.
  13. Үйде қызмет көрсету ұйымын басқару
  14. Үйде қызмет көрсету ұйымын уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы (меңгеруші) басқарады.
    Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету ұйымын уәкілетті органның немесе құрылтайшының келісімі бойынша аталған заңды тұлғаның басшысы лауазымға тағайындайтын және босататын меңгеруші басқарады.
    53. Үйде қызмет көрсету ұйымының штаттық нормативтерін уәкілетті орган немесе құрылтайшы осы стандартқа 5-қосымшада көзделген нормативтерді сақтау арқылы бюджет қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып бекітеді.
    54. Үйде қызмет көрсететін ұйымның мамандарына жүктемені (қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың саны және бір аптаға бару кезегі) алушының мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант айқындайды және үйде қызмет көрсететін ұйымның басшысы бекітеді.
    55. Үйде қызмет көрсететін ұйымның мамандары қызмет алушыларға баруды ұйымның басшысы бекітетін қызмет алушыларға бару кестесіне сәйкес жүзеге асырады.
    56. Қызмет алушыға барған күні ұйым мамандары нысаны осы стандартқа 8-қосымшада көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналына тиісті белгі қояды. Есепке алу журналы қызмет алушыда (заңды өкілінде) болады және ай аяқталған соң күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге беріледі.
    57. Уәкілетті орган немесе құрылтайшы, басшы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жағдай жасайды, оның ішінде:
    1) қажетті техникамен және байланыспен, оңалту іс-шараларын жүргізуге қажетті диагностикалық және дидактикалық, дамытушы және өзге де материалдармен жабдықталған орынжайлар;
    2) персоналды қызмет алушыларға күтім көрсету жөніндегі білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізетін әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;
    3) персоналды қажет болған кезде көлік құралымен немесе жол жүру билеттерімен немесе жол жүру билетінің құны мөлшерінде ақшалай өтемақымен қамтамасыз ету;
    4) қарттар мен мүгедектердің күтімі жөніндегі әлеуметтік қызметкерді арнайы киіммен, шаруашылыққа қажетті керек-жарақтармен:
    жуғыш заттар;
    ескі заттар;
    резеңке қолғаптар;
    шаруашылық инвентарлармен қамтамасыз етеді.
    58. Үйде қызмет көрсететін ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ұйымның басшысында сақталады және оны әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант қызмет алушылардың немесе олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша ұсынады.
    59. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және/немесе құрылтайшы – ай сайын қарайды.
    60. Заңды тұлға болып табылатын үйде қызмет көрсету ұйымының заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша

Нысан

Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысы
_____________________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым басшысының Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(үйде қызмет көрсететін ұйымның атауы)

Т.А.Ә._______________________________________________________________
Туған күні ______ жылы «____»________________________________________
Тұратын жері_________________________________________________________
Телефон нөмірі (үйдің, ұялы)_________________________________________
Мүгедектік санаты (болған жағдайда)__________________________________
Бірге тұратын отбасы мүшелері (Т.А.Ә., туыстығын көрсету керек)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

   ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
(қызмет алушының Т.А.Ә. көрсету керек)
үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін есепке алуыңызды
сұраймын.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібімен және
шарттарымен таныстым.
Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге құжаттарды рәсімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді
жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Т.А.Ә. және қолы __________ күні 20__ жылғы «___» _____________
_____________________________________ өтінішті қабылдады
(Т.А.Ә. және лауазымын көрсету)
Қолы _____________ Күні 20__ жылғы «___» ______________________

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
2-қосымша

Нысан

   МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
_____________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні «____»_________ _____ жыл
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,
азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа) ______________________________
Медициналық тексеру:
(негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар
туралы мәліметтерді көрсету қажет)
хирург ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
невропатолог ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
психиатр ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
окулист _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
отоларинголог _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
дерматовенеролог ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
фтизиатр_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
терапевт/педиатр_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________
_____________________________________________________________________
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:
қанның жалпы анализі_________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
зәрдің жалпы анализі ________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу
_____________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

М.О.
Медициналық ұйымның басшысы: __________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
20___ жылғы «___»___________

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
3-қосымша

Нысан

   Тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеу
актісі № _____*

  1. Қызмет алушының Т.А.Ә.____________________________________________
    2. Туған күні _____ жылғы «___» _____________________________________
    3. Тұрғылықты мекенжайы______________________________________________
    4. Телефон нөмірі____________________________________________________
    5. Жәрдемақының (зейнетақының) түрі және мөлшері_____________________
    6. Отбасылық жағдайы_________________________________________________
    7. Соңғы жұмыс орны__________________________________________________
    8. Балалары және жақын туыстары туралы мәліметтер (Т.А.Ә., тұратын
    жері, жұмыс орны, байланыс телефондары)
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    9. Тұрмыс жағдайы____________________________________________________
    (жақсы жабдықталған / жабдықталмаған тұрғын үй)
    _____________________________________________________________________
    (пәтер, жеке үй, жатақханадағы бөлме және басқа)
    _____________________________________________________________________
    (нешінші қабат екенін, бөлме санын, сантораптардың болуын, орталықтан
    жылытыла ма екендігін, лифтінің болуын және басқаны көрсету)
    _____________________________________________________________________
    (басқа да жағдайлар)
    10. Аулалық учаскенің болуы__________________________________________
    Актіні жасаған адам ______________ __________________________________
    (қолы)             (Т.А.Ә., лауазымы)
    Күні 20___ жылғы «___»_________
    Ескертпе: Қарттар мен мүгедектер үшін толтырылады.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
4-қосымша

Нысан

   Есепке тұру үшін келген арнаулы әлеуметтік қызмет
алушыларды тіркеу журналы

р/н
Т.А.Ә. Туған жылы Диагнозы Мекенжайы Өтініш жасаған күні Есепке алу күні Есептен шығару күні және негіздемесі
1 2 3 4 5 6 7 8

Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген
болуға тиіс. Журнал күнтізбелік жылға толтырылады.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
5-қосымша

   Үйде қызмет көрсету ұйымдарындағы персоналдың ең төмен
штаттық нормативтері

Лауазым атауы Бірлік саны Лауазымдарды енгізу шарттары
1 Меңгеруші (басшы) 1 бір бөлімшеге (үйде қызмет көрсету субъектісі)*
2 Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант 0,5 40 қызмет алушыға
3 Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер** 1 1) жабдықталған тұрғын үйде тұратын 8 қартқа және бірінші және екінші топтағы мүгедекке;
2) жабдықталмаған тұрғын үйде тұратын 5 қартқа және бірінші және екінші топтағы мүгедекке;
3) 4-6 психоневрологиялық ауытқулары бар балаға, психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан адамдарға, ТҚА бұзылған балаларға (денсаулығы мен қимылдау функциясының хал-жайына қарай)
4 Көлік жүргізуші 1 Бір техникалық дұрыс автокөлік құралына

Ескертпе:
1) * Бөлімше (үйде қызмет көрсету субъектісі) санатына қарай (қарттар мен мүгедектер, психоневрологиялық ауруы бар балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар) 80 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткенде құрылады. Қызмет алушылардың жекелеген санаттарының болуы бөлімше құруға мүмкіндік бермейтін жерде онда бір бөлімше қызмет алушылардың бірнеше санаты үшін құрылады;
2) ** Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді аптасына кемінде екі рет көрсетеді.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
6-қосымша

   Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан
адамдарды үйде қызмет көрсету жағдайында оқыту ұзақтығы

Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне қарай құрылады:
балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;
әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейiн;
әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейiн;
әлеуметтiк дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметiнің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзiрленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткiзіледi.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
7-қосымша

Нысан

Бекітемін:
________________________________
(үйде қызмет көрсету субъектіcі
басшысының Т.А.Ә. және қолы)
«___» _____________ ______ жыл

_____________________________________________________________________
үйде қызмет көрсету субъектісінің атауы

Жеке жұмыс жоспары

Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні және жылы ________________________________________________
Диагнозы ____________________________________________________________
Есепке алу күні «____» _______________ 20___ жыл
Қызмет алушыға ____бастап _____қоса алғанда бақылау жүзеге асырылды
Жеке жұмыс жоспары ____ бастап _______ қоса алған кезеңге әзірленді

Қызмет алушының жеке қажеттілігіне сәйкес тағайындалған іс-шаралар
(көрсетілетін қызметтің түрлері мен көлемін көрсету):

Қызмет түрлері Қызмет көлемі
(жеке жүргізілетін іс-шаралардың атауы)
Тағайындауды жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы Тағайындау күні
1 әлеуметтік-тұрмыстық
2 әлеуметтік-медициналық
3 әлеуметтік-психологиялық
4 әлеуметтік-педагогикалық
5 әлеуметтік-мәдени
6 әлеуметтік-экономикалық
7 әлеуметтік-құқықтық

Жеке жұмыс жоспарын қайта қарау күні 20 ___жылғы «___» ______________

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант ___________ __________________
(қолы)     (Т.А.Ә., күні)

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
8-қосымша

Нысан

   Қызмет алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы (мониторингі)
жөніндегі журнал/электрондық картотека*

Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні «____» ______________ _______ жыл
Диагнозы ____________________________________________________________

«___» ______ бастап «___» _______ қоса алғандағы кезеңге әзірленген
жеке жұмыс жоспарының мониторингі
Қызмет алушыны қадағалау кезеңі: «__»____ бастап «__»___ қоса алғанда

Қызмет алушының жай-күйі туралы белгі, оның ішінде Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызмет көрсетудің қандай түрі қайта қаралуға жататынын көрсету) Мониторинг жүргізу күні Мониторингті жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы
оң өзгерістер бар (сипаттап беру)** өзгерістер жоқ немесе нашарлады
(себебін көрсету)
1 2 3 4 5 6
1
2
3
4
5
6
7
8

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант __________ ___________________
(қолы)     (Т.Ә.А., күні)

Ескертпе: * психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан адамдарға толтырылады.
** Қызмет алушының:
– соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;
– қимыл, сенсорлық, танымдық, тіл дамыту, коммуникативтік салаларында;
– өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастыруда оң өзгерістері белгіленеді.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызмет көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
9-қосымша

   Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді есепке алу журналы

20__ жылғы ____________
(ай)

Үйде қызмет көрсету ұйымының атауы __________________________________
Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Есепке алу күні «____» ___________________ 20___ жыл

Күні Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткен мамандардың Т.А.Ә. және лауазымын көрсете отырып, қызметтердің орындалуы туралы белгі Қызметтерді көрсету туралы белгі (ескертулер мен ұсыныстарды қызмет алушылар мен заңды өкілдері толтырады)
1 2 3

Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген болуға тиіс. Әрбір қызмет алушыға, әр күнтізбелік айға толтырылатын жеке журнал басталады.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 165 бұйрығына 4-қосымша

   Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты

  1. Жалпы ережелер
  2. Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді.
    2. Осы стандарт белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың (бұдан әрі – қызмет алушылар) тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, уақытша болу ұйымдарының қызмет тәртібін, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.
    Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 17.03.2016 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
    3. Уақытша болу ұйымдары қызмет алушылар үшін әлеуметтік бейімдеу орталықтары, түнде болу үйлері түрінде құрылады.
    Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет алушылар үшін құрылымдық бөлімшелер – түнде болу бөлімшесі мен мобильді әлеуметтік патруль қызметі құрылуы мүмкін.
    4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілер сақтайды.
    5. Уақытша болу ұйымдары адам саны жүз мыңнан асатын қалаларда заңнамада белгіленген тәртіппен құрылады.
    Жергілікті атқарушы органдар өз шешімімен халық саны отыз мың және одан астам адам елді мекендерде уақытша болу ұйымдарын құруға құқылы.
    6. Уақытша болу ұйымдарына кәмелетке толған қызмет алушылар, оның ішінде түрлі себептер бойынша жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, баспанасы жоқ немесе одан айырылған адамдар қабылданады.
    7. Қызмет алушылардың уақытша болу ұйымдарында болуына:
    1) науқастың өзіне және айналасындағылар үшін қауіпті мінез-құлқының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;
    2) белсенді процесс сатысындағы туберкулез, инфекциялық аурулардың, карантиндік инфекциялардың;
    3) алкогольге, есірткіге мас күйде болу;
    4) паллиативтік көмек қызметі мен мейірбикенің күтімі қажет аурулардың терминалды (соңғы) сатысы;
    5) мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың және/немесе жарақаттардың болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.
    Жоғарыда аталған медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар денсаулық сақтаудың тиісті ұйымдарына жіберілуге жатады.
    8. Уақытша болу ұйымы заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
  3. Уақытша болу ұйымының міндеттері мен функциялары
  4. Уақытша болу ұйымының негізгі міндеттері:
    1) қызмет алушыларға жедел әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету;
    2) уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді осы стандартта белгіленген көлемге сәйкес көрсету;
    3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтік-еңбек бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
    4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.
    10. Уақытша болу ұйымының негізгі функциялары:
    1) қызмет алушыларды қабылдау және орналастыру, оларды әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізу;
    2) койка орын беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен, іш киіммен қамтамасыз ету;
    3) қызмет алушылардың жеке басының қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    4) уақытша болу ұйымында қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
    5) осы стандартқа сәйкес жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету, қызмет алушыларды қалыпты өмірге қайта алып келетін өзге де іс-шараларды жүргізу;
    6) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, уақытша болу ұйымдарындағы ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
    7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
    8) уақытша болу ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
    9) арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау және оларды уақытша болу ұйымына жеткізуді мобильді әлеуметтік патруль қызметі жүзеге асырады;
    10) уақытша болу ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.
  5. Уақытша болу ұйымына қабылдау шарттары
  6. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды уақытша болу ұйымына қабылдауды уақытша болу ұйымдары қызмет алушылардың өтініші бойынша немесе қызмет алушының нақты тұрған жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының (бұдан әрі – уәкілетті орган), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы бойынша жүзеге асырады. Өтініш осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
    Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 17.03.2016 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
    12. Бұрын Қазақстан Республикасының басқа өңірлері аумағында тұрған және өз баспанасынан айырылған адамдар, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар уақытша болу ұйымына күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге қабылданады, одан кейін олар жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе бюджеттен тыс тартылған қаражат есебінен бұрынғы тұрған жері бойынша уақытша болу ұйымдарына жіберіледі.
    13. Жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін қызмет алушылардың уақытша болу ұйымында тәулік бойы тұру ұзақтығы бір жылдан аспайды.
    14. Уақытша болу ұйымына жүгінген, бірақ қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдарға тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жазғы уақытында сағат 21-ден 9-ға дейін, қысқы уақытта сағат 18-ден 10-ға дейін) ыстық тамақпен қамтамасыз етілмей койка орын беріледі.
    15. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға олардың көшеде өмір сүру орындарында мобильді әлеуметтік патруль қызметі тәуліктің күндізгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мобильді әлеуметтік патруль қызметі тәуліктің түнгі уақытында ұсынылады.
    16. Уақытша болу ұйымына келіп түскен адам медициналық тексеруден және санитарлық өңдеуден, киімдері мен жеке заттары дезинфекциялаудан өткізіледі және тіркеуге жатады.
    Уақытша болу ұйымының мамандары уақытша болу ұйымында қызмет алушылардың тіркеу карточкасын осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырады.
  7. Уақытша болу ұйымында тұру жағдайлары
  8. Уақытша болу ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздігіне, оның ішінде өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
    18. Құрылтайшы уақытша болу ұйымын заманауи техникалық жарақтандыруды қамтамасыз етеді.
    19. Уақытша болу ұйымының ғимараты құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес онда тұру ыңғайлылығы мақсатында, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.
    20. Қызмет алушылар бөлмелерге денсаулық жағдайына, жынысы және психологиялық үйлесімділігі ескеріліп орналастырылады.
    21. Уақытша болу ұйымында тұру тәртібі уақытша болу ұйымының басшысы бекітетін ішкі тұру тәртібі қағидасында айқындалады.
  9. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке сұранысын
    айқындау және ресоциализация туралы шарт әзірлеу
  10. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен көлемін) әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, психологтар және уақытша болу ұйымының басқа мамандары (бұдан әрі – уақытша болу ұйымының мамандары) айқындайды.
    23. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының мамандары жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін әрбір қызмет алушыға ресоциализация туралы шарт (бұдан әрі – шарт) әзірлейді. Шарт осы стандартқа 3-қосымшада көзделген нысан бойынша жасалады.
    24. Шарт қызмет алушыны уақытша болу ұйымының мамандары бақылағаннан кейін уақытша болу ұйымына ол түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әзірленеді және кейінгі екі жұмыс күні ішінде қызмет алушымен жасалады.
    25. Шартта:
    1) арнаулы әлеуметтік қызметтің көрсетілетін көлемі мен түрлері;
    2) уақытша болу ұйымы мен қызмет алушының құқықтары мен міндеттемелері;
    26. Шартта көрсетілген оңалту іс-шараларын уақытша болу ұйымының мамандары шартта белгіленген мерзімде жүргізеді.
    27. Шартта көрсетілген уақытша болу ұйымының міндеттемелері белгіленген мерзімде орындалмаса, болу мерзімі оларды орындау күніне дейін, бірақ алты айдан асырмай ұзартылады.
    28. Уақытша болу ұйымы мамандарының жұмыс сапасын уақытша болу ұйымының басшысы және уәкілетті орган оңалтылған және қалыпты өмір сүру салтына қайтып оралған қызмет алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.
    29. Уақытша болу ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда шарт негізінде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады.
    30. Уақытша болу ұйымының әрбір маманы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады және оңалту іс-шараларының нәтижелерін тоқсан сайын журналға/электронды картотекаға белгілеп отырады.
    31. Уақытша болу ұйымының әкімшілігі уақытша болу ұйымының барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттемелердің сапалы орындалуына ұдайы бақылауды жүзеге асырады.
  11. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
  12. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
    1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
    2) төсектік орын, жиһаз беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттары және іш киіммен қамтамасыз ету осы стандартқа 4-қосымшада көзделген нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады. Бір жыл ішінде уақытша болу ұйымына қайта түскен кезде қызмет алушылар қажеттігіне қарай іш киіммен қамтамасыз етіледі;
    3) жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесу;
    4) жүріп-тұруы қиын және өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттар мен мүгедектердің болуы үшін жағдай жасау;
    5) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
    6) іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
    7) тұрмыстық өз-өзіне қызмет көрсету үшін жағдай жасау (жеке киімдері мен киімдерін жуу, кептіру, үтіктеу);
    8) санитарлық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
    9) жол жүру құжаттарын сатып алу және баратын жеріне дейін азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы тұрған жеріне жөнелтуге жәрдемдесу.
    Жүріп-тұруы қиын адамдарға уақытша болу ұйымы баратын жеріне дейін ілесіп барумен қамтамасыз етеді;
    10) тұратын жері бойынша тіркелу үшін құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдесу;
    11) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақ ұсыну;
    12) емдеу, оқу үшін қызмет алушыларды тасымалдауға көлік қызметін ұсыну;
    13) хат жазуға және оқуға көмек көрсету жатады.
    Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде) көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
    1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
    2) койка орын беру, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз ету;
    3) іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
    4) санитарлық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау жатады.
    33. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) берілетін тұрғын үй орынжайлары көлемі мен басқа да көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
    Санитарлық-эпидемиялық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға сай келетін барлық тұрғын, қызметтік және өндірістік орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әртүрлі факторлардың әсерінен (ауаның жоғары (төмен) температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дірілден және тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан) қорғалған болады.
    Әлеуметтік-еңбек қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
    2) уақытша болу ұйымы мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
    Әрбір мамандандырылған кабинетке еркін нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
    3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болады;
    4) қызмет алушыларға берілетін киім киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;
    5) ыстық тамақ сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділік және калориялық талаптарға жауап береді, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады.
    Уақытша болу ұйымдарының басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді және екінші аптаға перспективалық мәзірді бекітеді;
    6) бақылаудағы, төсек режиміндегі және денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылық танытуы қажет);
    7) қызмет алушыларды емдеу, оқыту үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;
    8) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтылығына жауап береді.
    34. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтерге:
    1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
    2) дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;
    3) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
    4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
    5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
    6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, сурдо-, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге, санаторлық-курорттық емделуді алуға жәрдемдесу;
    7) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
    8) емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық айла-шарғылар жасауды жүргізу жатады.
    Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде), сондай-ақ мобильді әлеуметтік патруль қызметтері мынадай әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетеді:
    1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
    2) дәрігерге дейін көмек көрсету.
    35. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерде көзделген шеңберде жүзеге асырылады;
    2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық айла-шарғылар жасауды жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
    3) дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады;
    4) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу жедел және уақтылы жүргізіледі;
    5) медициналық ұйымдарда профилактикалық тексеруден, диспансерлеуден, иммундаудан өтуге жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес көрсетіледі;
    6) салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізу.
    Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан арылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
    7) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық көлемде көрсетілуі тиіс;
    8) ОЖБ-ға сәйкес протездік-ортопедиялық көмек, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары, сурдо-, тифлотехникалық құралдар, санаториялық-курорттық емделуді, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
    9) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;
    10) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының, жарақаттарының уақтылы алдын алуға және емдеуге ықпал етеді;
    11) денсаулық сақтау ұйымдарының білікті мамандарынан консультация алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емдеуді қамтамасыз етеді.
    36. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
    1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
    2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
    3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
    4) психологиялық консультация беру;
    5) шұғыл психологиялық көмек;
    6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде сөйлесу, әңгімелесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
    7) психологиялық тренингтер;
    8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;
    9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу жатады.
    37. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
    Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
    2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы уақытша болу ұйымының психологы әзірлеген психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
    Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызмет алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;
    3) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қызмет алушылардың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
    4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
    5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі тексеру негізінде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжал және қызмет алушылардың қиын өмірлік жағдайын одан әрі қиындата түсетін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    6) қызмет алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуге тарту қызмет алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуды, стреске төзімділігін, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
    7) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
    8) психологиялық алдын алу жұмысы қызмет алушыларда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасайды, тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алуға жәрдемдеседі;
    9) сөйлесу, әңгімелесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етеді.
    38. Уақытша болу ұйымдарында қызмет алушыларға көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
    1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
    2) қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу;
    3) кәсіби бағдарлау;
    4) бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
    5) қызмет алушыларды қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жәрдемдесу жатады.
    39. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында қызмет алушыларға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызмет алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;
    2) қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу уақытша болу ұйымының аумағында, арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
    3) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
    4) кәсіптік білімі жоқ қызмет алушыларды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;
    5) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
    40. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
    1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
    2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
    3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени-патриоттық іс-шараларға қатысуға тарту жатады.
    Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде), мобильді әлеуметтік патруль қызметі қызмет алушылардың арасында ресоциализацияның орындылығы мен маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
    41. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) мәдени-патриоттық және тынығу іс-шараларын өткізу уақытша болу ұйымының басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
    2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;
    3) қызмет алушыларды концерт бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің жобасын әзірлеуге тарту қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына ықпал етеді;
    4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру уақытша болу ұйымы ұжымының қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жөнге салуға жәрдемдеседі.
    42. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.
    43. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар:
    қызмет алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу олар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
    44. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
    1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
    2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
    3) қарт адамдар мен мүгедектерді халықты әлеуметтік қорғаудың стационарлық мекемелеріне орналастыруға қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу;
    4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
    5) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу жатады.
    45. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
    1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өздерінің мүддесін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал заң бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді;
    2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама және басқа мәселелер) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен көтерілген мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік беруге, осы мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініш, шағым, анықтама және тағы да басқа құжаттар) дайындау және тиісті адресатқа жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
    3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге көмек көрсетеді;
    4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша алуға тиесілі жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналастыруға) ресімдеуде заңгерлік көмек көрсету қызмет алушыларға қажетті құжаттардың мақсатына қарай мазмұнын, құжаттар мәтінінің баяндалуын және жазылуын (қажет болғанда) немесе нысанды бланкілердің толтырылуын, ілеспе хаттардың жазылуын түсіндіруді қамтамасыз етеді.
  13. Қызмет алушыларды уақытша болу ұйымынан шығару,
    шығарып жіберу және ауыстыру шарттары
  14. Уақытша болу ұйымынан қызмет алушыларды шығару:
    1) қызмет алушының жазбаша өтініші;
    2) қызмет алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болған жағдайда;
    3) шарт бұзылған немесе қолдалану мерзімі аяқталған жағдайда;
    4) шарт талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
    47. Қызмет алушыларды білім беру ұйымына оқыту үшін бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді уақытша болу ұйымы тәртіпаралық комиссиясының қорытындысын есепке ала отырып және қабылдаушы тараптың қызмет алушыларға оқу кезеңінде тұрғын үй алаңын (жатақхана) беру туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде уақытша болу ұйымының әкімшілігі қабылдайды.
    Білім беру ұйымында оқуды табысты аяқтаған қызмет алушылар одан әрі әлеуметтік оңалту үшін уақытша болу ұйымына қайтарылады.
    48. Егде тартқан жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігіне байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуі, қозғалуы қиын қызмет алушылар медициналық ұйымның және ОЖБ-ға сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік ұйымдарға, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік ұйымдарға ауыстырылады.
    49. Уақытша болу ұйымында тұруға медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде қызмет алушылар денсаулық сақтаудың тиісті ұйымдарына жіберілуге жатады.
    50. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызмет алушыларды бір өңірде орналасқан уақытша болу ұйымынан елдің өзге өңірінде орналасқан уақытша болу ұйымына ауыстыру тиісті өңірлердің уақытша болу ұйымдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
    51. Қызмет алушылар:
    1) Ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спирттік ішімдіктерді әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда;
    2) уақытша болу ұйымында болуға медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған кезде;
    3) қызмет алушы уақытша болу ұйымы әкімшілігін хабардар етпей, уақытша болу ұйымы аумағынан өз бетімен шығып кетіп, үш тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда.
    Уақытша болу ұйымы аумағынан шығып кеткен адам осы стандарттың 3-тарауына сәйкес жалпы негізде қайта қабылданады, ал дәлелді себептер (ішкі істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау ұйымында болу) бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылданады;
    4) өзі туралы әдейі жалған ақпарат ұсынған жағдайда;
    5) қызмет алушы шарт талаптарын орындамаған жағдайда шығарылуға жатады.
    Шығаруға осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер куәгерлердің жазбаша айғақтамаларымен расталады.
    Осы тармақтың 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша уақытша болу ұйымынан шығарылған қызмет алушылармен осы стандарттың 5-тарауында көзделген тәртіппен, бірақ олар шығарылғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан соң ресоциализация туралы шарт жасалады.
    52. Қызмет алушыларды шығару, шығарып жіберу немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру уақытша болу ұйымы басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
    53. Шығару немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру кезінде қызмет алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқ киімі, уақытша болу ұйымында сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.
  15. Уақытша болу ұйымдарын басқару
  16. Уақытша болу ұйымын уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы басқарады.
    55. Уақытша болу ұйымы персоналының штаттық нормативтерін уәкілетті орган немесе құрылтайшы бюджет қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, осы стандартқа 5-қосымшада белгіленген уақытша болу ұйымдарындағы персоналдың ең аз штаттық нормативтерін сақтай отырып бекітеді.
    56. Уақытша болу ұйымында шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол уақытша болу ұйымының басшысында сақталады және қызмет алушылар мен келушілердің бірінші талабы бойынша беріледі.
    57. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын уақытша болу ұйымының басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган ай сайын қарайды.
    58. Уақытша болу ұйымының заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында уақытша болу жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша

Нысан

_________________________________
(уақытша болу ұйымының атауы)
директорына _____________________
(директордың Т.А. Ә.)
_________________________________
_________________________________
_________________________________

   ӨТІНІШ

Мені әлеуметтік бейімдеу және оңалтудан өту үшін уақытша болу
ұйымына қабылдауды сұраймын.
Өзім туралы мынадай ақпаратты хабарлаймын:
Туған күні «__» _________________ ____ ж.
Туған жері: _________________________________________________________
Жеке куәлігі немесе паспорт (болған кезде):__________________________
_____________________________________________________________________
Білімі: _____________________________________________________________
____________ жылы баспанамнан айрылдым, айрылған баспананың мекенжайы
_____________________________________________________________________
Баспанамнан айрылу себебім __________________________________________
Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Тіркелген мекенжайы, тұрғылықты жері бойынша тұрудың мүмкін
еместігінің себебі (егер баспанасынан айрылмаған болса) _____________
_____________________________________________________________________
Жақын туыстары туралы деректер: _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тұру және өрт қауіпсіздігі қағидаларымен таныстым және оларды
сақтауға міндеттенемін. Сондай-ақ өзім туралы жалған ақпарат берген
жағдайда, менің уақытша болу ұйымынан бірден шығарылатыным
ескертілді.

________________ (қолы)                  «____» ___________ ______ ж.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында уақытша болу жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша

Нысан

   Уақытша болу ұйымында қызмет алушыны тіркеу карточкасы

  1. Тегі _____________________________________________________________
    2. Аты ______________________________________________________________
    3. Әкесінің аты _____________________________________________________
    4. Жынысы ___________________________________________________________
    5. Туған күні _______________________________________________________
    6. Ұлты (көрсетпеуге болады)_________________________________________
    7. Туған жері _______________________________________________________
    8. Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы
    _____________________________________________________________________
    9. Бар құжаты: төлқұжат/жеке куәлік (керегін сызу)
Құжат түрі Нөмірі/сериясы Берілген күні Қолданылу мерзімі Кім берді
Жеке куәлік
Төлқұжат
ЖСН
  1. Білімі __________________________________________________________
    11. Кәсібі __________________________________________________________
    12. Жақын туыстары туралы деректер __________________________________
Р/с
Туыстық дәрежесі ТАӘ Туған жылы Тұрғылықты жері
  1. Сотталуы
р/с
Қылмыстық кодекстің бабы Өтеу мерзімі Қашан өтеді Қайда өтеді
  1. Ауырған аурулары (туберкулез, гепатит және т.б.)
    _____________________________________________________________________
    15. Денсаулық жағдайы _______________________________________________
    16. Азаматты жіберген ұйым __________________________________________
    17. Азаматтың жеке қолы _____________________________________________
    18. Күні ____________________________________________________________
    19. Карточканы толтырған уақытша болу ұйымы маманының ТАӘ, қолы
    _____________________________________________________________________

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында уақытша болу жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
стандартына 3-қосымша

Нысан

   Ресоциализация туралы үлгілік шарт

______________________________________________________________ атынан
(уақытша болу ұйымының атауы)
__________________________________________, (бұдан әрі – Орталық) бір
(басшының Т. А. Ә.)
тараптан және ____________________________ (бұдан әрі – қызмет алушы)
(қызмет алушының Т. А. Ә.)
екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар, төмендегі туралы
осы Шартты жасасты:

  1. Шарттың нысаны

Қызмет алушыға Орталық ресоциализацияға (жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру) бағытталған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері

2.1. Орталықтың міндеттемелері:
1) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттарымен таныстыру;
2) белгіленген көлемде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
3) мамандығы бойынша кәсіптік оқытуды (даярлауға, қайта даярлау) ұйымдастыру ______________________________;
4) тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;
5) келешекте тұру мақсатында қол жетімді жалдамалы тұрғын үй іздестіруді жүзеге асыру;
6) қызмет алушыға сыйластықпен қарау, дөрекілікке, өз міндеттемелеріне атүсті қарауға жол бермеу.
2.2. Орталықтың құқықтары:
1) қызмет алушының оқуға және жұмыс орнына баруын бақылауды жүзеге асыру;
2) мүдделі адамдардан қызмет алушылардың оқу процесі, жұмыс орнына баруы және үлгерімі туралы қажетті ақпаратты сұрату;
3) қызмет алушы тарапынан міндеттемелерді орындамау немесе орындаудан жалтару жағдайында біржақты тәртіппен шартты бұзу;
4) одан әрі тұру мақсатында ұсынылған қолжетімді жалдамалы тұрғын үйде тұрудан бас тартқан жағдайда біржақты тәртіппен шартты бұзу.
2.3. Қызмет алушының міндеттемелері:
1) ресоциализация процесіне белсенді түрде қатысу;
2) _________________мамандығы бойынша оқу курсынан табысты өту;
3) ұсынылатын жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
4) Орталық персоналына сыйластықпен қарау;
5) осы шарттың талаптарын сақтау.
2.4. Қызмет алушының құқықтары:
1) ресоциализация процесі туралы ақпарат алу;
2) кәсіп және жұмыс орнын таңдауға қатысу.

  1. Шартты бұзу талаптары

3.1. Осы шарт мынадай негіздемелер:
1) қызмет алушы тарапынан міндеттемелерді (оқу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй іздестіру) орындамау немесе орындаудан бас тарту;
2) қызмет алушының Орталық персоналына негізсіз дөрекілік таныту және айып тағу бойынша бұзуға жатады.
3.2. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету денсаулық сақтау ұйымында қызмет алушы болған кезеңінде тоқтатылады.

  1. Қорытынды ережелер

Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды.

Орталық директоры _________________________    ______________
(Т. А. Ә.)               (қолы)

Қызмет алушы      _________________________    _______________
(Т. А. Ә.)               (қолы)

Ескертпе: осы Шарт үлгілік болып табылады.

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында уақытша болу жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
стандартына 4-қосымша

   Уақытша болу ұйымдарына арналған төсек-орын және іш киім,
жеке гигиеналық құралдар, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің
ең төмен нормалары

Атауы Өлшем бірлігі 1 төсек-орынға
Норма Мерзімі
(жыл)
1 Ақ жайма дана 3 1
2 Сейсеп дана 3 1
3 Жастық тысы дана 3 1
4 Сүлгі дана 1 1
5 Матрац дана 1 1
6 Жастық дана 2 3
7 Көрпе дана 2 3
8 Жамылғы дана 1 2
9 Трусы дана 3 – бір қызмет алушыға 1
10 Майка дана 2 – бір ер адамға 1
11 Бюстгальтер дана 2 – бір әйелге 1
12 Шұлық дана 6 – бір қызмет алушыға 1
13 Тіс щеткасы дана 1 – бір қызмет алушыға 3 ай
14 Тіс пастасы миллилитр 900 1
15 Иіс сабын грамм 1200 1
16 Резина клеенка дана қажеттілігіне қарай, бірақ бір төсек-орынға

1 данадан артық емес

1
17 Әйелдерге арналған сіңіргіш төсемелер дана қажеттілігіне қарай, бірақ бір әйелге айына 16 данадан артық емес
18 Жаялықтар дана уақытша болу ұйымы дәрігерінің қорытындысы бойынша, бірақ күніне ресоциализация туралы шарт жасаған бір қызмет алушыға 1 данадан артық емес

Халықты әлеуметтік қорғау
саласында уақытша болу жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
стандартына 5-қосымша

   Уақытша болу ұйымдарындағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері

Лауазым атауы Қызмет алушылар саны
51-ге дейін 50-
100
101-
150
151-
200
201-
250
251-
300
Басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналдың штаттық нормативтері
1 Директор мекемеге 1 бірлік
2 Директордың әкiмшiлiк-шаруашылық жұмыс жөнiндегi орынбасары 1 1 1
3 Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары мекемеге 1 бірлік
4 Бас бухгалтер мекемеге 1 бірлік
5 Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау жөніндегі экономист 0,5 1 1 1 1
6 Бухгалтер 0,5 1 1,5 2 2 2
7 Кадрлар жөнiндегi инспектор 0,5 1 1 1 1 1
8 Шаруашылық меңгерушiсi мекемеге 1 бірлік
9 Хатшы-машинистка (референт) мекемеге 1 бірлік
10 Дезинфектор 1 1 1 1 1,5 2
11 Вахтер мекемеге 1 бірлік
12 Лифтер (лифт болса) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 9 бұйрығымен бекітілген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9739 болып тiркелген, барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес (бұдан әрі – еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтер)
13 Күзетші мекемеге 4 бірлік
14 Жүргізуші 1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік
15 Тракторшы (трактор болса) 1 техникалық жүріп тұрған автокөлік құралына 1 бірлік
16 Слесарь-сантехник еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
17 Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтер еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
18 Электр-газ дәнекерлеуші еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
19 Ғимараттарды, үй-жайлар мен жабдықтарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (ағаш ұстасы, ағаш шебері) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
20 Газ тектес, сұйық және қатты отынмен жанатын, электрмен ысып істейтін қазандықтарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
21 Қазылған орлардан қатты шөгінділерден болған қоқысты шығару жөніндегі тасушы 4 бірлік кәріз болмаған жағдайда және қазылған орларды тазарту орталықтанған тәртіпте жүргізілмесе
22 Су сорғы станциясының машинисі (моторшысы) мекемеге 1 бірлік
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттың нормативтері
23 Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман 1 2 3 4 5 6,5
Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
24 Бас аспаз 0,5 1 1 1
25 Аспаз 2 2 3 4 4 5
26 Ыдыс-аяқ жуушы 1 1 1 1 1 1,5
27 Көкөніс және картоп тазалаушы 1 1 2 2 3 3,5
28 Нан кесуші, асхана жұмысшысы 0,5 1 1 1 1
29 Шаруашылық бикесі мекемеге 1 бірлік
30 Кір жуатын орын меңгерушісі (машинистердің қатарынан) 1
31 Киім және іш киім жуатын машинист 1 1 1 1 1 5
32 Санитар (тазалаушы) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерге сәйкес
Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
33 Дәрігер мекемеге 1 бірлік
34 Фельдшер мекемеге 1 бірлік
35 Мейірбике әрбір 50 төсекке 5,25 ставкадан
36 Диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике мекемеге 1 бірлік
Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
37 Психолог 1 1 1,5 2 2 2
Әлеуметтік-еңбек қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
38 Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы мекемеге 1 бірлік
Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету жөніндегі персоналдың

штаттық нормативтері

39 Кітапханашы (кітапхана болса) мекемеге 1 бірлік
Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері
40 Заңгер мекемеге 1 бірлік

Ескертпе:
1) қажеттігіне қарай белгіленген лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастыра алады;
2) басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналын ұстау бойынша шығыстар 1 бірлік қызметтің құнын есептеуге қосылмаған;
3) уақытша болу ұйымдарында қызметтік автокөлік құралдары лимиті мынадай көлемде белгіленеді;
бір жеңіл автомобиль;
екі санитарлық автомобиль;
бір автокөлік құралы (150 немесе одан көп қызмет алушылар болған жағдайда).

Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде) персоналдың ең төмен штаттық нормативтері

Лауазым атауы Қызметкерлердің штаттық нормативтері
1 Директор (бөлім меңгерушісі) мекемеге 1 бірлік
2 Шаруашылық бикесі мекемеге 2 бірлік
3 Фельдшер мекемеге 2 бірлік
4 Мейірбике 5,25 ставка

Мобильді әлеуметтік патруль қызметі персоналының ең төмен штаттық нормативтері

Лауазым атауы Бір автокөлік құралына қызметкерлердің штаттық нормативтері
1 Диспетчер 1 бірлік
2 Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман 1 бірлік
3 Фельдшер 1 бірлік
4 Жүргізуші 1 бірлік

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК